Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының «Атамекен» клубының ұйымдастыруымен Төле би атындағы № 8 мектеп - гимназиясының 5 сынып оқырмандарымен «Мен-өмірді сүйемін!» ойталқы өткізілді.
⠀ Оқырмандардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, өмірді қадірлей білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп , айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету мақсаты көзделген.
⠀Іс-шара барысында оқырмандар өмірде бастан өтетін көптеген жағдайларға байланысты сұрақтарға жауап беріп, ойталқыға салып, өз ойларын ортаға салды. Өмірге деген құштарлығы мен бақытты сәттері бейнеленген фото көрме ұсынылды.
https://jobjk.kz/kz/?start=560#sigProGalleriae1706deea9
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларын өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында облыстық байқау ұйымдастырылды.
⠀ 2017ж – Ескен Елубаевтың, 2018ж – Сұлтан Қалиевтың, 2019 ж – Пернебай Дүйсенбиннің шығармашылықтары бойынша өткізілсе, 2021 ж - «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты – Әлдихан Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды.
⠀ Байқауға жас ерекшеліктеріне қарай 8-12 жас аралығындағы аудандық іріктеу кезеңінде жолдама алған 10 оқырман қатысты.
⠀Байқауға арнайы шақырылған қонақтар – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары – Мадиева Сара Қабылбекқызы, сатирик-ақын, Әлімқұл Бақытжан Советұлы, жас ақын-жазушы Шапағат Әбдір, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс шараларды өткізетін облыстық орталығының педагог-ұйымдастырушысы Қасымова Жібек Жұмабековна төрелік етті.
⠀Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені – Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Ешназар Гүлдария, І орынды Сарысу ауданы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Сеңгірбай Мұқағали, ІІ орынды –Т.Рысқұлов ауданы «Қорағатты шағын орталықты» орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жорабек Айшуақ, ал ІІІ орын – Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Еркін Аружан иеленді.
⠀ Байқауды ұйымдастырушылар мен сарапшылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, қатысушылар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
https://jobjk.kz/kz/?start=560#sigProGalleria6128670ca1
Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық кітапханаларында көптеген іс-шаралар мен кітап көрмелері ұйымдастырылып, акция мен таңдаулы авторлар, олардың кітаптары туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары оқырмандар назарына ұсынылады.
Осыған орай Төле би атындағы № 8 мектеп-гимназиясы оқырмандарының қатысуымен «Өнер-білім бар жұрттар» дауыстап оқу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандар Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныса отырып, әңгімелерінің мағынасын ашып, өлеңдерін дауыстап оқыды. Іс-шара соңында оқырмандарға сұрақтар қойылып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=560#sigProGalleriadb278bd7be
Оқырмандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне, төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу және оны бойларына сіңіру мақсатында «Жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбында Төле би атындағы № 8 мектеп - гимназиясының оқырмандарымен сұрақ-жауап өткізілді.
⠀Сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністер мен қазіргі заманғы қоғамның аса бір көкейтесті мәселелерінің бірі. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресуде. Сұрақ-жауапта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында нақты сауалнама жүргізіліп оқырмандар өз ойларымен бөлісті. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойғандығы оқырмандарға түсіндірілді.
https://jobjk.kz/kz/?start=560#sigProGalleriaa3784f7ce4