«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында ұлт ұстазы, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, педагог Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты «Кітап – ғажайып әлемі» тақырыбында информина өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға кітаптың шығу тарихы, ең алғашқы кітаптар, «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихы, әр жылдардағы түрлі ақын-жазушыларымыздың оқылған кітаптары, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мәліметтер беріліп, оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.
Оқырмандар оқу-білім, кітапқа қатысты мақалдардың жалғасын тауып, кітапхана қызметкерлерінің тарапынан қойылған сұрақтарға өздерінің ұтымды жауаптарын берді.
Іс-шара соңында «Кітап–ғажайып әлемі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=388#sigProGalleriab7a6e0c686
Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханалық тайм-менеджмент: кітапхана – ақпарат әлемінің провайдері» облыстық форсайт сессиясы өтті.
Аталған іс-шараға кітапханамыздың Инновациялық-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Кузенова Т.Т, Негізгі қорды сақтау бөлімінің меңгерушісі Мелдеева М.М және кітапханашысы Баймбетова А.Ж. қатысып, «Кітапхана – жаңа ғасыр ұрпағын дамыту ортасы ретінде» «Балалар жылы» аясында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Бас директоры Ғазиза Құдайбергенқызы еліміздің мәдениет саласына және отандық кітапхана ісінің дамуына қосқан үлестері үшін қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.
https://jobjk.kz/kz/?start=388#sigProGalleria66652bbae5
Күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, кітап оқуға қызығу және кітапханалармен таныстыру мақсатында С.Нұрмағанбеов атындағы №10 орта мектебінің 3 сынып оқушылары біздің кітапханаға келіп саяхат жасады.
Саяхат барысында Д.А.Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына ашыған «Ғасырдың дара перзенті» кітап көрмесімен танысып, оқырмандарға қызмет көрсететін бүлдіршіндер, мерзімді басылымдар секторларымен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі туралы ақпарат алды.
https://jobjk.kz/kz/?start=388#sigProGalleria6cfef22e95
"Біз біргеміз бәріміз" кітапхана бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек беру мақсатында, кітапхана қорына келіп түскен жаңа оқулықтармен таныстырды.
Мұқтаж жандардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында тізім бойынша жекелеген үйлерге барып, жас ерекшелігіне байланысты "Төрт түлік", "Ертегім менің, ертегім", "Ертегілер әлемінде", "Менің сүйікті ертегілерім", "Күл қыз", "Арыстан мен патша", "Әжемнің ертегілері", "Әріптермен танысу", "Өнегелі ертегілер" тағы басқа жаңа кітаптартар ұсынылды.
https://jobjk.kz/kz/?start=388#sigProGalleria7060c89a5b