Әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу жолында құқықтық тәрбиенің маңызын аңғарту мақсатында «Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады» ашық микрофон өтті.
Іс-шара барысында жаяу жүргіншілерден құқық бұзбау әрекеттері жөнінде, отбасындағы және бала тәрбиелеу негізіндегі құқығы жайында ой бөлісті.
https://jobjk.kz/kz/?start=120#sigProGalleriaff9d37584b
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының «Жас қаламгер» клубының жетекшісі – Баймбетова Асель «Сырлы сөз» үйірмесінің оқушыларымен кезекті клуб отырысын өткізді.
Клуб отырысында бекітілген жоспар бойынша шоқ тілді Шона Смаханұлының туғанына – 100 жыл толуына орай «Қазақтың сатирик ақыны» тақырыбындағы дауыстап оқу марафонының дайындық жұмыстары талқыланып, клуб белсенділері мен клуб мүшелеріне арнайы тапсырмалар берілді.
https://jobjk.kz/kz/?start=120#sigProGalleriabad496f4d8
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырып отырған шоқ тілді Шона Смаханұлының 100 жылдық мерейтойына орай арналған «Қазақтың сатирик ақыны» тақырыбындағы челленджін Жамбыл, Шу, Талас аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханаларына жолдайды.
Comments«Тәлімгер кемесі» бағдарламасы аясында «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне арналған «Әр адамға бастау беретін мамандық» әңгіме сұхбат ұйымдастырылды.
Шара барысында бағдарламаның мақсаты мен бағыты таныстырылып, «Манмандық таңдау үшін қандай қадам жасау қажет? Арман мен мамандықты ұштастыруға болады ма?» "Мен өз іс-әрекеттерім үшін жауаптымын» тақырыбында «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау орталығының психологы Марал Хантөреқызы тренинг өткізді.
Мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейтету мақсатында ұйымдастырылған «Мамандық таңдау-басты бағдарымыз» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасаған әдістеме бөлімінің меңгерушісі Т. Кузенова «Елімізде қандай оқу орындары бар? Қандай кітаптарды оқу қажет?» деген сұраққа жауап берді.
Comments