балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

Сайтта кім бар

Қазір 105 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1141838
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
1682
2037
4628
2856
11923
1119190
1141838
Ваш IP: 3.16.76.102
Время на сервере: 21-11-2024 10:24:19

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан адамзат қиял жетпес ғажаптарға қол созады.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда «Шебер қолдар» үйірмесі балалардың білімі мен шеберлігін қалыптастыруда.

Біз жаңа технологиялар бағытында жұмыс жасаудамыз. Жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, интернет ақпараттарын кең пайдаланамыз. Соның ішінде балаларды қызықтыратын бисермен аппликациялаумен, оригамии жане т.б. жұмыс түрлері бар.

Үйірме жұмысында жүргізілген бисермен жұмыс жасау балаларды қызықтырады. Қазір су моншақпен кестелеу әдісіне сұраныс көп. Уақыт талабына орай моншақ су мрншақтармен жаңа технологиясы аппликация өнері арқылы панно, картиналар жасалады.

Әр жұмысты аяқтаған соң кітапхана ішіндегі көрмеге қойылады. Балалар бір-бірімен пікір алмасып, ой бөліседі.

«Шебер қолдар» үйірмесіне қызығушылық танытып жүрген оқушылар саны жазғы демалыс күндері күн санап артып келеді.

    Мақсаты: «Шебер қолдар» үйірмесі  арқылы балаларды қол-өнер түрлерімен таныстыра отырып,  шығармашылыққа баулу, еңбекке деген қызығушылығы мен ой- өрісін кеңейту. Ұлттық тәлім тәрбиені балалардың бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау. «Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушыларына ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттай отырып, қазіргі заманға сай жаңа қол өнердің қыр- сырымен таныстыру.  Қол- өнердің балаларға деген берері мол екенін түсіндіру. Ойдың қыял- ғажайып шексіз екенін жасалған бұйымдар арқылы көрсете білу. Сонымен қатар балаларда бірлікке, татулыққа тарту. Қолөнер ерекшеліктері туралы оқушыларға түсінік беріп, іскерлік пен шеберлікке баулу. Өнер туралы сөздік қорын байыту. «Өнер таусылмас азық,байлық» дейді ғой халық даналығы. Қазақтың қолөнері шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Оқушыларды қол-өнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа тиянақтылыққа, тазалыққа, тәрбиелеу.

   Міндеті:

 ---  Үйірме қатысушыларын еңбек пен шыдамдылыққа үйрету;

 ---   Балаларға сәндік – қолданбалы өнердің қыр-сырын үйрету;

 ---   Халық шығармашылығына сүйіспеншілігін арттыру;

 ---   Сәндік- қолданбалы өнер саласындағы әдебиеттерді таныстыру;

 ---   Балалардың ой- өрісін дамыту;

 

 

 

Бізге керегі:
  1. Қайшы
  2. Сызғыш және қалам
  3. Пва желім
  4. Түрлі түсті гофра қағазы
  5. Иілгіш сым темір
  6. Кемпірауыз

Иілгіш сымды гүлдің сабағындай етіп керегімізше қиып аламыз. Жасыл түсті гофра қағазын пва желімі арқылы сымға орап жабыстырып шығамыз.

Гүл ішіндегі өзегін жасау үшін біз жай түсті қағазды шашақ етіп қиып аламыз. Оны сабағымыздың бір жақ шетіне жабыстырамыз.

Гүл күлтелерін жасау үшін біз гофра қағазынаң қызыл түсін таңдап алдық. Ұзына бойымен екі ұзындықта қиып аламыз.

Қыйылған қималардың қысқасын алып, гүл күлтешелеріне ұқсатып бір жағын дөнгелекше етіп екінші жағын сабаққа орауға ынғайлы етіп қиып аламыз. Қиманың ортасын созып гүл күлтесіне ұқсатамыз. Дайын гүл сабағына біртіндеп орай отырып жабыстырамыз.

Қиылған қималардың ұзыншасын өркеш етіп қиып аламыз. Қиманың ортасын, шеттерін созып сабағымызға ары қарай орап жалғастырамыз. Дайын болған гүліміздің түбіне жұлдызша етіп қиылған жасыл түсті қағазымыздың жабыстыру арқылы орналастырамыз.

Гофра қағазынан жасалған гүл шоғымыз дайын болды.

 
 
Гофра қағазынан жасалатын гүл шоғы

 










Шашқа арналған ашекей бұйым.






 
 
 
 
 
 





Атлас лентасынан жасалатын әшекей бұйымды жасау үшін бізге ені 2,5 см көк және қара түсті атлас лентасынан 6 м керек.

Қайшы, желімді тапанша, жылтыр моншақ, фетра, темір қыстырма.

Жұмысты лентаны 5 см етіп қиып аламыз. Бір жағынан үшкір етіп кесеміз. Шетін тегістеп, отқа күйдіріп аламыз.

Тегіс шеттерін бүгіп біріктіреміз. Осылайша біршама бүрмелерді жасап дайындаймыз.

Фетра матасын 4/4 шеңбер етіп кесіп аламыз.Астын қатыруға 1/3 етіп киып аламыз. Дайын бүрмелерді біріне бірін жақын орналастырып шеңбер бойымен желімді тапаншамен желімдейміз.

Лента қималарын желімдеп болғаннан кейін бұйымның ортасына әшекей моншағымызды тағамыз.

Бұйымды кебу үшін қоя тұрамыз.

Бұйым артына қыстырма темірімізді желімді тапанша арқылы жабыстырамыз.

 

Бұйымымыз дайын болды.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz