детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 20 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1021285
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
37
164
1094
4859
11028
982512
1021285
Ваш IP: 3.15.151.140
Время на сервере: 20-04-2024 06:35:12

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

" Біз біргеміз бәріміз"

 

Мүмкіндіктері шектеулі оқырмандармен жұмысты жетілдіруге арналған қайырымдылық жобасы /2015-2017жж/

 

«....мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керек.

Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл

өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз»

                                                                                                                 
                                                                                    Н.Назарбаев.

 

Жобаның атауы«Бірге оқимыз, бірге демаламыз» мүмкіндіктері шектеулі, әлеуметтік қорғаусыз балалармен (мүгедек балалар, жүріс тұрысын түзетуге мұқтаж балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім балалармен) балалармен атқаратын жұмысты жетілдіруге арналған жоба 2015-2017 жж.

Жоба мақсаты: Әлеуметтік қорғаусыз балалардың қоғамда бейімделуіне кітап оқуға тарту арқылы көмектесу және жұмысты оларға қолайлы түрде ұйымдастыру.

Әзірлеуге негіз болды:

  • «Мүгедектердіңқұқығынқорғаутуралы ҚРКонвенциясы»;
  • ҚРмүгедектердіңқұқықтарынқамтамасызетужәнеөмірсүрусапасынжақсартужөніндегі 2012-2018 жылдарғаарналғаніс-шараларжоспары; 
  • ЕлбасыныңҚазақстанныңәлеуметтікжаңғыртылуы: ЖалпығаОртақЕңбекҚоғамынақарай 20 қадам» тапсырмасы;
  • ҚРПрезидентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясықалыптасқанмемлекеттіңжаңасаясибағыты» Жолдауы;
  • ҚРПрезидентінің «Қазақстанжолы – 2050: Бірмақсат, бірмүдде, бірболашақ» Жолдауы;
  • «Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» ММ жарғысы.

Бағдарламаны әзірлеуші: Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдеркітапханасы

Жобаның мақсаты: физикалық денсаулығы шектеулі балалар талаптары мен мүмкіндіктеріне орай, оларға қызмет көрсетудің стационарлық және стационардан тыс түрлерін үйлестіру, оларды әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек беру, мүмкіндіктері шектеулі жандарға ақпараттық көмек беру, интернет жүйесі арқылы ақпарат алмасуға мүмкіндік жасау, мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін кітапханалық сервисті жақсарту, кітапхананың электронды қызмет көрсету сферасындағы мүмкіндігін кеңейту.

 Жоба міндеттері:

Осы категориядағы балалардың әлеуметтік-мәдени өмірінің жақсаруына және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру:

  • Ø Балалардың рухани-өнегелік ортаға бейімделіп, тұлға болып қалыптасуына  бағдар беріп көмектесу;
  • Ø Кітап таңдауда көмектесіп, өзіндік оқу дағдыларын жетілдіріп, меңгерту;
  • Ø Балалардың дербес шығармашылықтарын дамытуға, дара қабілеттерін арттыруға ынталандыру;
  • Ø Ұйымдастыру жұмыстарын Тараз қаласындағы әлеуметтік мекемелермен, арнайы мектеп-интернатымен, оңалту орталықтарымен әлеуметтік, серіктестік, ынтымақтастық негізінде жүргізу;
  • Ø Жұмыс барысында жаңа технологиялар мен техникалық құралдарды пайдалану.

         Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде кітапхана педагогикалық, мәдени-ағартушылық, хабарлау міндеттерімен қоса, балалармен, балалар үйінің  тәрбиелеушілерімен, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен және жұмысбасты ата-аналардың балаларымен тұлғалық-ізгілік бағыттағы шығармашылығы мен дарындылығын арттыруға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізеді. Бұл екі жаққа да ұтымды серіктестік болады.

         Бұл жоба бойынша Тараз қаласы  мен облыс маңындағы оңалту орталықтарына ағартушылық және балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету үшін облыстық балалар кітапханасы аталған мекемелермен жұмысты бірлесіп жүргізу мәселесін жоспарлап отыр. Онда әр түрлі іс-шаралар: театрлық қойылымдар, жарыстар, әңгімелесулер, танымдылық сұрақ-жауап викториналары, саяхат ойындары жүргізіледі.  Сонымен қатар балаларға өз құқықтарын қорғау жөнінде кеңестер беріледі. Бұл іс-шаралар мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделіп, қоғам өмірінен тыс қалмауларына көмектеседі. Жоба бойынша ұстаздарға, тәрбие-шілерге құқықтық кеңестер беріліп, театр қойлымдары, ертегі айту, кітап оқу арқылы балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек берумен қатар, әдістемелік  - ақпараттық кеңестер беріледі.

Сондай – ақ көшпелі оқу залын ұйымдастыру жұмыстары да жоспарланып отыр.  Көшпелі оқу залы бірнеше міндеттерді орындайды: балалардың бос уақытын тиімді өткізу, түрлі дара қабілеттерін арттыру, шығармашылықты дамытуға  бағытталған жұмыстарды   ұйымдастыру, психологиялық оңалту және ең бастысы, балаларды кітап оқуға тарту. Бұл жан-жақты іс-шара. Ол танымдылық ойын-сауық бағдарламасынан және балалардың  өз кітап таңдауы бойынша 1 сағаттық кітап оқудан тұрады. Кітаптар жасөспірімдердің ақыл-ой ерекшеліктеріне  сәйкес таңдаланады. Ең  қызықты бағдарламалар – балаларға арналған түрлі іс-шаралар, шығармашылық сағаттар болады деп күтілуде.

Кітапхана бұл бағыттағы өз жұмыстарын жаңа технологиялар элементтерін пайдалана отырып, әр жасөспірімнің физиологиясына, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасауға толық мүмкіндіктері бар. Бұл жоба бойынша жұмыстар жүргізілгенде, біз әлеуметтік қорғаусыз балалардың психологиялық дамуы мен әлеуметтік жетілуі кітап оқумен байланысты екенін  және әр баланың денсаулығын нығайтып, күйзеліске түс-пеуіне көмектесетінін ескереміз.  

 Негіздеме: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналу тиістілігі атап көрсеткені белгілі. Осы санаттағы жандарды белсенді өмірге тарту, олардың өздерін қоғамның пайдалы мүшесі ретінде сезіну көзқарасын қалыптастыру жөніндегі Елбасының тапсырмасы кітапхана қызметі үшін басты арқау болып табылады.

 Жобаны жүзеге асыру серіктестіктері:

- Ерекше жағдайда тәрбиелеуді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектебі;

- Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернаты;

-  Қ. Сарымолдаеватындағыбалаларүйі;

- Н. Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған облыстық мектеп-интернаты;

-  Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернаты

 Жоба мазмұны:

I-кезең:

- Ұйымдастыру

- Әлеуметтік қорғаусыз балаларды анықтау.

- Олардың тізімін жасап базаға енгізу.

-  Олармен байланыс орнату.

 

 

II-кезең:

Балалармен жұмыс жасауға арналған әдебиеттерді, әдістемелік құралдарды, оқулықтарды таңдау.

Жобаны іске асыру әдістері:

- Ертегілер күні.

- Бір кітапты дәріптеу күні.

- Қол-өнер бұйымдарын жасау  мастер класы. «Шебер қолдар» үйірмесі

- «Сенің достарың жөнінде әңгімелесейік», «Жақсылық  жасап үйренейік» руханиадамгершілік әңгімелесулер.

- Шыдамдылық, төзімділік сабақтары.

- «Жас таланттар» үйірмесінің спектаклдері.

- Анкета жүргізу.

- Экспресс сұрақтар.

- Сурет көрмесін ұйымдастыру.

- Жоба шеңберінде жасалған жұмыстарға қорытынды жасау.

Кітапхана қоғам назарын ерекше балалардың проблемаларына аударып, өз тәжірибесімен бөлісіп, ақпараттық құралдарға хабарламалар дайындап, өткізілген іс-шаралар бойынша видеоматериалдар, фотоқұжаттар, суреттер және балалар жасаған бұйымдарды жинақтауды жоспарлап отыр.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2015-2017 ж.ж.

Күтілетін нәтижелер:

- Қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарынан кітап оқуға  балаларды тарту;

- Мүмкіндігі шектеулі балаларға қазіргі қоғамда өмір сүруге көмектесу;

- Ерекше балалардың жеке дара шығармашылық дарынын жетілдіру;

- Әр бала мен жасөспірімнің өмірінде балалар кітапханасының беделін көтеру. 

 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру