детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 28 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023725
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
194
188
1497
2037
13468
982512
1023725
Ваш IP: 18.117.196.184
Время на сервере: 28-04-2024 15:12:30

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Қазақ халқының ұлы перзенті

Аса көрнекті тұлға, саяси қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында іс-шара жоспары жасалынып, тарихи-танымдық кеш, көрме және саяхат сабақтары өткізілді. 8 «Ә» сынып оқушысы Асан Диас Д.А.Қонаевтың өмір жолымен, 7 «А» сынып оқушысы Жақан Құралай еңбек жолымен, мектеп ұйымдастырушы-педагогы Айжан Мирзахметова еңбектері, қызықты оқиғаларымен таныстырды. Конференция соңында оқушылар мектеп кітапханашысы Сейтжанова Ғалияның ұйымдастыруымен кітаптар көрмесін тамашалады.

Апталық барысында 5-8 сынып аралығындағы оқушылар Д.А.Қонаев мұражайында Д.А.Қонаев қорының төрағасы Аманкелді Карентаев, ардагер Сейдуалиев Нарием, белгілі журналист, жазушы Тұрсынхан Толқынбаев, Жамбыл облысы әлеуметтік қамсыздандыру ардагерлер кеңесінің төрағасы Мамыралиев Жоратаймен кездесіп, әңгіме-сұхбат жүргізді. Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған жауаптарын алды. Сұхбат соңында оқушылар естелікке суретке түсіп, оқушыларға кітаптар мен журналдар сыйға таратылды. Д.А.Қонаев қорының жанында орналасқан Жамбыл облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына саяхаттады. Онда Д.А.Қонаевтың 105 жылдығына орай жасалынған көрмені тамашалап, кітапхананың мерзімді басылымдар секторының бөлім меңгерушісі Дүйсенова Анар Абылқасымқызы оқушыларға таныстырып, көптеген мағлұматтар берді. Оқушылар саяхат сабағы барысында өздеріне мол рухани байлық алып, білімдерін толықтырды.

 

Абишева Г. Қазақ халқының ұлы перзенті [Мәтін] / Г. Абишева. //

Балалық шақ.- 2017.-25 қаңтар (№2).- 2 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру