Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1143796
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
105
3535
6586
2856
13881
1119190
1143796
Ваш IP: 3.147.82.252
Время на сервере: 22-11-2024 10:51:22

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Анар Дүйсенова, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының сектор меңгерушісі.

 Елбасының 25 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі баспасөз беттерінде де жарияланады. Осыған орай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында кітапхана оқырмандарымен түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Оқырмандар Елбасының Үндеуін кітапханадағы мерзімді басылымдардан танысып, білуде. Сондай-ақ, кітапханамызда Үндеуге байланысты мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Еліне елеулі Елбасы», «Халыққа арнау», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» сынды кітаптар мен Үндеу жарияланған «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ақ жол» газеттері қойылды.

Кітапхана қызметкерлері жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды екенін ұғына отырып, жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуына жаңа серпін әкеледі деп сенеміз. Жас ұрпақ азат ойлы, терең білімді болуы керек. Елбасының бұл Үндеуі елге үлкен серпіліс беріп, жастарды еңбек етуге, білім алуға, елге қызмет етуге деген құлшынысты арттыратынына сеніміміз кәміл.

Соңғы ширек ғасыр ішінде Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасады, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Еуразиялық экономикалық одақтың белсенді мүшесі болды. 2017 жылдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі. Мұның барлығы Қазақстанның жан-жақты жетілген, әлем елдерімен терезесі тең, дамыған мемлекет екендігінің айқын дәлелі. Бұл жөнінде кітапхана оқырмандары да толық хабардар деп айтсақ болады. Бұған қоса, «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мақсаттарына қол жеткізуде, сондай-ақ, әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру үшін экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму жолындағы саяси жаңару қажеттігін уақыттың өзі алға тартуда.

Ендігі жерде уақыт керуені алдымызға жаңа келелі міндеттер қоюда. Бұл міндеттер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген стратегиялық бағыттардан туындауда, әрі көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан жаһанданудың тегеурінді толқынына ілесуге бағдар ұсынып отыр. Сондықтан, Елбасы ұсынған конституциялық реформаның жобасы өзінің өзектілігімен әрі тереңдігімен ерекшеленетін аса құнды бастама. Үндеу біздің дамудың жаңа белесіне көтеріліп келе жатқанымызды айғақтайтын құнды құжат ретінде көрініс тапты. Бұған ширек ғасырлық уақыт ішінде қол жеткізілген ауқымды жұмыстардың нәтижелері алып келді. Біз мұның бәрінен Елбасының дана басшылығы мен сара саясатының ізін көреміз. Мемлекет басшысының билік тармақтарын бөлісу жөніндегі бастамасы да оның еліміз дамуына серпін беретін жаңа қадамдарының бірі болып шығатынына сенімдіміз.

 

Дүйсенова А. Оқырмандар үндеуді қолдайды [Мәтін] / А. Дүйсенова. //

Ақ жол.- 2017.-7 ақпан (№15).- 4 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz