Кітап - әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. Ол - ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.
Қазіргі уақытта бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге кітап оқуға толық мүмкіншілік тудырып отырған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 104 мыңнан астам кітап қоры бар. Әрбір оқырманына әлемнің таңғажайыптарын ұсынудан жалықпайтын мекеме қызметкерлері облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесіп, оқырмандармен ауқымды мерекелік шара ұйымдастырды. Қоғам мен кітапхана арасындағы байланысты нығайтуға арналған сиқырлы кітапхана түніне 200-ден астам жасөспірім қатысты. Алдымен кітапхана алдындағы алаңда салтанатты ашылу рәсімі өтіп, онда жас өнерпаздар келушілерге әннен шашу шашып, флешмоб биледі. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырушылар әртүрлі жанрды бір кешке сыйдырды.
Байқау түрінде ұйымдастырылған кеш «Сыр сандық» интеллектуалды- танымдық ойынымен басталды. Мұнда №43 мектептің 9-сынып оқушылары бірнеше командаға бөлініп, «Ұшқыр ой», «Ойлы болсаң, озып көр», «Кім жылдам?» сынды турларда өзара білімдерін сынға сал- ды. Ал «Тәуелсіздік – арымдай аңсар әнім» атты ақындар айтысында мектеп оқушылары тақырыпқа сай жұптасып, бірінен-бірі оза шапты. Ақындар додасының болатынын естіген жуалылық Аяжан Асқар да екі апта бойы дайындалғанын жасырмады. «Ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесіне арналған шараны аудандық кітапханада отырғанымда естідім. Кітапханашы апайлардан қатысуға рұқсат алып, дайындал- дым. Кітапхана оқырманы болғаныма үш жылдан асты»– дейді №19 Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы Аружан Асқар. Жуалы ауданы балалар кітапханасының ең кішкентай оқырманы 4-сынып оқушысы Альмира Марсель де қолына домбырасын алып, мерекелік кешке дәстүрлі әндерден шашу шашуға келіпті. Ал сымбаты мен салтанаты келіскен аруларымыз «Сұлулық сыры» сән көрсетіліміне қызу дайындықпен келгендері үстеріне киген көйлектерінен көрініп-ақ тұрды. Ұшқыр қиялдан туған көйлектердің әрқайсысы көздің жауын алады. Бірі пакеттен, бірі газеттен, енді бірі гүлдің қораптарынан жасаған сән көрсетіліміне кітапхана оқырмандары, оның ішінде №26, №43 мектептердің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Сегіз арудың ішінде ең ерек- ше көзге түскен көйлек иесі №26 орта мектептің 8-сынып оқушысы Ақерке Сейітыбырайым болды. «Көйлегімді 200- ден астам пластик стақандарынан жасадым. Дайындауға шамамен екі күн кетті. Бүгінгі байқаудың болатынын естіп, квест-шоуға өз үлесімді қосқым келді. Бесінші сыныптан бастап кітапхананың тұрақты оқырманымын» - дейді үлкен дайындықпен келген Ақерке. Келушілерге әзілден шашу шашқан КТК-ның жігіттері көрерменді қыран-топан күлкінің астында қалдырды. «Тәуелсіз Қазақстанның ба- лалары – біз боламыз!» атты КТК-ға үш команда қатысты. Өзара мықтыны анықтауға тырысқан жігіттер саяси әзілді кітапханамен байланыстыра отырып, көпшілік көңілінен шықты. Сонымен қатар квест-шоуда «1001 мақал, 101 жұмбақ» мақал-мәтел айту жарысы да қызықты әрі тартысты өтті. Түрлі тақырыпта мақал-мәтелдер мен сөзжұмбақтар жасырылған жарыста жаңылтпаш айтудан да үздіктер анықталды. «Білімді мыңды жығар» интел- лектуалды ойыны да тәуелсіз еліміздің сан түрлі сала- сын тоғыстырып, тарих, қазақ әдебиеті, алгебра сынды пәндерден сұрақтар қойылып, көшбасшыны анықтады. – Біз соңғы жаңалықтар туралы көлікте отырғанда радио- дан, көгілдір экраннан, қоғамдық орында газеттен, журнал- дан немесе интернеттен құлағдар боламыз. Бірақ осылар бір арнаға тоғысып, түмен болып біріксе де, кітапты еш уақытта алмастыра алмайды. Бүгінгі өтіп жатқан шараның мақсаты- балалар арасында кітап оқуды насихаттап, ата-аналардың кітапханамен жақын танысуына мүмкіндік ашу. Дәстүрге айналған шарада балалар өздеріне керектісін саналарына тоқып, артық білімнің кітапта екенін түсінді деп ойлаймын, – дейді кітапхана директоры Гүлфайруз Інкәрбекова. Балалар бұл кеште қазақ ертегілерінің кейіпкерлерімен де танысып, «Тілек ағашына» жүрекжарды тілектерін жазды. Кеш барысында барлық байқаудың жеңімпаздары марапат- талып, бағалы сйылықтарға ие болды. Квест-шоудың соңы отшашуға ұласып, әрбір қатысушы тілек жазған шарларын әуеге ұшырды.
Арайлым Шабденова //ЖАМБЫЛ-ТАРАЗ// 02.11.2016 ж. (№44)