Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 50 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1143796
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
105
3535
6586
2856
13881
1119190
1143796
Ваш IP: 3.17.155.142
Время на сервере: 22-11-2024 10:47:11

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Облыстық балалар мен жаөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында ел Тәуелсіздігінің 25  жылдығына  арналған «Тәуелсіздік тарихы-ел тарихы» атты апталық өтуде. Аталған апталық аясындағы «Асқақтай бер, айбынды елім!» атты әдеби-сазды концерттік бағдарлама Желтоқсан оқиғасының құрбаны, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткіші алдында өткізілді.

 

          Бұл шараны аталмыш кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова ашып, жиналғандар алдында Тәуелсіздіктің баға жетпес байлық, бұған Қайрат Рысқұлбеков секілді батырлардың қосқан үлесі ерекше екеніне тоқталып, бір минуттық үнсіздік жариялады.

          Мұнан соң Тараздағы №43 орта мектептің оқушысы Жеңіс Ерғазы «Қазақ елі осындай» әнін шырқады. Қала мектептерінен келген оқушылар Әшім Іргебай, Ислам Есіркепов, Нұрлыбек Шәкіш өздерінің жүректерінен шыққан патриоттық өлеңдерін оқыды. Кітапхана әдіскері Анар Оңғарбаева, Жанар Тәттімбетова Тәуелсіздік тақырыбында әсерлі баяндамалар жасады. Іс шара барысында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі жасалып, жиналғандар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Жас әншілер Аруна Өмірбаева мен Жеңіс Қуанышов шырқаған патриоттық әндер әр жүректі шымырлатып, толғанысқа бөледі.

          Аталған кітапхана әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ – салиқалы саясат» атты мерекелік шара Кеңес Одағының Батыры Ыбырайым Сүлейменов көшесіндегі Махаббат аллеясында да өткізілді.

Апталық аясында  мұндай патриоттық шаралар Таразда орналасқан бірнеше еңселі ескерткіштердің алдында өткізілуі жоспарлануда.

Есет Досалы //Ақ жол// 15.10.2016 ж. (№120)

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz