Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына да аз уақыт қалды. Ұлық мерекеге орай, қала көлемінде түрлі патриоттық іс-шаралар лек-легімен өткізілуде. Соның бірі облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік тартуын айтуға болады.
Аталмыш кітапхананың оқырмандары Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінің алдына көптеп жиналды. Әуелі көпшілік қауым ал- дында сөз алған кітапхана қызметкері Анар Оңғарбаева бұл іс-шараның маңыздылығына жан-жақты тоқталды. - Бүгін біз егемен ел атануымыз үшін қасықт ай қаны қа лғанша күре скен ұлтымыздың біртуар азаматы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткіші алдында бас қосып, тәуелсіздік жолында құрбан болған қаһармандарымызды еске алып отырмыз. Ата-бабаларымыздан бізге мирас болып қалған азаттықтың қадірін біліп, Қазақ елінің дамуына өз үлесімізді қосу - перзенттік пары- зымыз, - деді Анар Оңғарбаева. Мұнан кейін мектеп оқушылары «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты кітаптар көрмесін тамашалап, оқырмандар арасын- да Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік мерекесіне байланысты қызықты ойындар да ұйымдастырылды. Сондай-ақ мерекелік іс-шараның көркін №10 мектеп оқушысы Іргебай Әшім, №38 мектептің оқушылары Ислам Есіркепов пен Луиза Есіркепова және №43 мектептің оқушысы Нұрлыбек Шәкіш отты жырларды тебірене оқыса, №7 мектептің оқушысы Аруна Өмірбаева мен №43 мектептің оқушысы Жасұлан Әуезов әсем әннен шашу шашты. Патриоттық іс-шарадан ұлттық рухы асқақтай түскен өскелең ұрпақ бабалар аманатына адалдық танытады деп сенеміз.
Индира Байқоныс //Жамбыл-Тараз//.- 12.10.2016 (№41).