Ән-күймен өрнектелген іс-шараны ақпараттық-библиография секторының қызметкерлері Жанар Тәттімбетова мен Гүлсім Мамырова жүргізді. Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебінің 7-ші сынып оқушылары мен аталмыш кітапхана қызметкерлері қатысты.
Тоқсанға келіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйген майдангер өз кітабында Жамбылдың өмірі мен ақындық өнерін ұштастырып, ел аузындағы әңгімелеріне тоқталған.
Кәрілік жеңіп жатса да, қолымнан қаламымды тастамадым. Көз жанарым бәсеңсісе де, алға қойған мақсатымды орындау үшін белгілі журналист Досымжан Төлеуіштің көмегіне жүгіндім. Осы кітаптың шығуына көп еңбек сіңірген Досымжанға алғысым шексіз,- деді қаламгер қария.
Іс-шара барысында №10 орта мектептің 8-ші сынып оқушысы Әшім Іргебай Мүтәліп Ережепбайұлының «Тоқсан жастың толғауы» және Сәбен Қойшыбайұлының авторға жазған арнау өлеңін оқыса, №38 орта мектептің 6-сынып оқушысы Луиза Есіркепова «Жамбылдың жыр жүрегі» атты өлеңін оқыды. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Екі Сенім арқалаған азамат Қаламын тастамаған қарт қаламгер Ұрпақтар сабақтастығы үзілмейді. Суретті түсірген автор ғасыр дастаны» атты көрме қойылған.
Мүтәліп атаға арнап жыр жаздым. Себебі ол кісі Отанымызды қорғаған жауынгер. Қартайса да еңбек етіп, кітап шығарғаны біздей жастарға үлгі деп білемін. Мен мектеп бітірген соң, осы атам сияқты ел аузындағы адам болғым келеді,- деді 8-ші сынып оқушысы Әшім Іргебай.
Кеш соңында Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мен жыр алыбы Жамбылдың 170 жылдығына орай майдангер-журналист, соғыс ардагері Мүтәліп Ережепбайұлының «Жамбыл жолы» атты кітабының тұсаукесер рәсіміне атсалысқаны үшін бірқатар қатысушылар марапатталды. Ал Жамбыл Жабаевтың жа- сына жетуді мақсат тұтқан қарт қаламгерге қазақтың дәстүріне орай иығына шапан жабылып, сый-сияпат көрсетілді.
<>p// «Жамбыл - Тараз» // №20, 18 мамыр 2016 жыл //