Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1143797
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
106
3535
6587
2856
13882
1119190
1143797
Ваш IP: 18.224.55.193
Время на сервере: 22-11-2024 10:58:12

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Кітап – қай ғасырда, қай заманда болмасын өз құнын жоймайтын таңғажайып тәрбие құралы. Баланың арман-қиялына қанат бітіріп, ақ пен қараны ажыратуда, таным көкжиегін кеңейтуде адал һәм ай- нымас досы. Уақыт белдеуінде сапар шегіп, әлемнің көгінде әуелеуге, өмірді өзгертіп, жарқын болашақты өз қолыңмен жасауға үйрететін мәңгілік ұстаз.

 

Қай- қайсымызды алып қарасақ та, өмір бойы оқыған кітаптардың ішінде бала кезде оқылған кітаптардың орны орасан. Есте мәңгілік сақталып, өле- өлгенше жадымызда жатталып қалады. С.Бегалин, Ө.Тұрманжанов, С.Омаров сынды қажырлы қаламгерлерден бастау алған балалардың көркем әдебиетін М. Әлімбаев, Б. Соқпақбаев, С. Сарғасқаев, Ә. Дүйсенбиев, Н. Сералиев, М. Жаманбалинов, О. Әубәкіров, Ж. Кәрбозин, Қ. Баянбаев, М. Гумеров, Қ. Ыдырысов, Ж. Смақов, М. Етекбаев, Қ. Толыбаев, Ә. Табылдиев, Е. Ерботин, А.Асылбеков, А. Сопыбеков, Е. Елубаев, М. Қабанбаевтар жаңа биікке көтерсе, М. Дүйсенов, М. Айымбетов, Н. Айтов, Ж. Әбдірашев, Р. Әбілқадырова, С. Әлімқұлов, Ж. Дәуренбеков, З. Иманбаев, Т. Дәуренбековтер керегесін кеңейте түсті. Ту- ындылары үлкен тиражбен тарап, ауыл-ауылдың балалары аталған авторлардың повесть, әңгімелерін қолдан тастамай оқып, өлең-жырларын жатқа айтатын. Ол шығармалардың желісімен кино да түсірілетін. Ал бүгінде сарғайған кітапқа үңілген сары баланы таппайсыз. Себебі балалардың талғамы ересектердікінен кем түспейді. «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп хәкім Абай айтқандай, бүгінгі заманауи кітаптар өзінің көркемдігімен, танымдылығымен кәдімгі қалың томдардан едәуір ерекшеленген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «XXI ғасыр - мәдениет, білім және ғылым ғасыры. Барлық білімнің кәусар бұлағы- кітапхана» деп баса айтқан болатын. Ал артық ғылымды бойына жинаған заманауи кітаптарды өскелең ұрпақтың талғамына ұсынып отырған кітапханаларымыз да жаһанданудың жорғасына түскен. Яғни кешегі сарғайған қалың кітаптардың орнын жұқа әрі дизайнерлік өнердің ең жоғарғы деңгейінде жасалған жинақтар басты. Балалар жазу- шылары мен кітапхана ұжымдары һәм балалар мен жасөспірімдердің ортақ мерекесіне айналған бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде кітап апталығы мен байқаулар, іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Және түрлі балалар кітаптары жарнамаланып, кітап фестивальдері ұйымдастырылады. Әдеби көркем шығармаларды сүйіп оқитын балалар арасында байқау жарияланып, жүлде таратылады. Бүлдіршіндерге бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың са- насын ояту мақсатында түрлі дәрістер де оқылады. Жалпы айтқанда, аталған білім мерекесі қарсаңында саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін қай мемлекет болса да, жай қарап жатпасы анық. Жыл сайын балаларға арналған кітаптардың халықаралық күніне орай Қазақстанда «Балауса» балалар әдеби шығармаларының байқауы өтіп келді. Мемлекеттік тілде қазіргі заманғы балалар әдебиетінің дамуы- на жәрдемдесу, балаларға арналған шығармалар авторларына қолдау көрсету және балалардың бойында отансүйгіштік, білімқұмарлық, оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында түрлі акция- лар да тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Ал халықаралық мерекенің басты мақсаты - әлем бала- ларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін жеткізу. Бұл мақсатты орындау үшін балаларға ұсынар бізде кітаптар бар ма? Әрине, жеткілікті деп айтуымызға толықтай негіз бар. Кітапханалар мен кітап дүкендерінің сөрелерінде балаларға арналған кітаптардың түр-түрі толып тұр. Терең ойлы мағынасымен де, қызылды-жасылды бояулармен өрнектелген әсерлі суреттерімен де кәрі- жасты қызықтырмай қоймайды. Қай елдің болмасын сырлы сұлу аңыздары мен қиял-ғажайып ертегілері, маржандай тізілген өлең-жырлары, тілді қырық бұрар жаңылтпаштары мен жер-жаһандағыны жасырған жұмбақтары, ақын-жазушылардың тілдің майын тамыза айтқан әдемі де әсерлі сөздері, халықтың мәнді-мағыналы мақал-мәтелдері, алты құрлықтың алуан түрлі кереметі де осы кітаптарда өрнектелген. Сөрелерден балаңыз оқитын, бояйтын, жазатын-сызатын, тіпті өздері сөйлеп, ән айтып беретін «Панорамалық» және «3D» кітаптарды да таба аласыз. Олардың үлкені, кішісі, орташасы да, қазақша, ағылшыншасы, қытайша, орысшасы да бар. Әсіресе мерекеге орай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына арнайы ат басын бұрып барғанымызда «Керемет» кітаптарына тәнті болдық. Бұл кітаптар кәдімгі смартфондар мен ноутбуктерден ешқандай кем түспейді. «3D» кітабынан орман туралы ертегіні оқи отырып, шынымен орманда жүргендей күйде боласыз. Ал «панорамалық», «аудио кітап», «Менің ең ұзын кітабым» атты заманауи жинақтарға көзіміз еріксіз байланып қалды. Себебі олардың әрқайсысы бір- біріне ұқсамайтын ерекше дизайнерлік туындылар. Кітапхана ұжымы халықаралық мерекеге орай қызу дайындық үстінде екен. - Біздің облыстық балалар кітапханасы 1958 жылы ашылған. Ал 1978 жылы жасөспірімдер кітапханасы жұмысын бастаған. Алдағы 2018 жылы біреуіне 60, екіншісіне 40 жыл болады. Екеуінің мирас қоры 1996 жылы біріккен. Содан бері жұмыс жасап келе жатырмыз. 1983 жылы кітапханамызға арнайы ғимарат берілді. Қазіргі таңда біздің ыңғайластырылған қорымыз 70 мың кітапқа арналған. Ал біздің қорда 100 мыңнан астам кітап бар. Кітапхананың бірігу жылдары балалар мен жасөспірімдерге бірге қызмет көрсетілетін. 2010 жылы Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында біз «Алақай», «Балақай» атты кітапхана жобасын жасадық. 2012,13,14 жылдары жобаны іске асырдық. Оқырмандарды бөлдік. Арнайы сөйлейтін, ертегіні көз алдыңа елестететін заманауи кітаптардың барлығы қазіргі таңда біздің қорымызда бар. «Қиын балалар» мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндермен де тығыз жұмыс жасаймыз. Әр мектеппен етене байланыстамыз. Айта өтсем, Жамбыл облысы бойынша балаларға арналған 18 кітапхана бар. Тек Мойынқұм ауданында ғана бөлім, қалғанының бәрі - балалар кітапханасы. Ал балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Қордай және Жамбыл аудандарында жұмыс жасауда. Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында осымен бесінші жыл «Мен өлкемді зерттеймін» атты ғылыми, тарихи жобалар байқауын ұйымдастырып келеміз. Және үш жыл қатарынан оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында «Кітап әлемінің сиқырлы түні» атты іс-шара ұйымдастырдық. Республика бойын- ша бұл шараны біз бастадық. Шарада ешқандай көрермен болған жоқ. Барлығы оқырмандар. Бір сөзбен айтқанда, кітапхананы ертегі әлеміне ай- налдырамыз. Балалар өздеріне ұнаған шығарманың кейіпкерлерін ойнайды. Әр бөлмеде түрлі образдар сомдалады. Түнгі уақытта жас оқырмандарымызды арнайы көліктермен үйлеріне жеткізіп отырамыз. Және ашық аспан астында, қоғамдық көліктерде қызықты шаралар ұйымдастырамыз. Мәселен, үш сұраққа дұрыс жауап берген оқырмандар қоғамдық көліктерде тегін, кітапхана есебінен қатынайды. Мұндай қызықты шараларды облысымыздың 70 жылдығында, Қазақ хандығының 550 жылдығында өткіздік. Биыл күзге қарай Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай тағы да ұйымдастырамыз. Бұдан бөлек шет елдің тәжірибесінен енген «Кітап айналы- мы» акциясы аясында да бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Өңірдегі балалардың кітапқа деген қызығушылығы күн сайын артып келеді. Ал Халықаралық балаларға арналған кітап күні қарсаңында апталық ұйымдастырамыз. Апталық ашық аспан астында және қалалық мектептерде өтетін болады, - дейді Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Мейрамкүл Ысқақ. Сонымен қатар Мейрамкүл Елеукенқызы кітапхана қорындағы «Керемет» кітаптардың бірқатарымен бізді таныстырды. Қызықты кітаптардың тартымдылығы да талғамды бау- рап аларлықтай. Себебі, қай уақытта да білім шаңырағынан кішкентай оқырмандар үзілмейді екен. Сауат ашамын деген өскелең ұрпаққа барлық жағдай жасалған. Таным шаңырағының та- рихы, атқарып келе жатқан салмақты ісі һәм оқырмандардың ынтасы көңіл қуантты. Қала бүлдіршіндеріне сарқылмас қазынасынан білім нәрін беріп келе жатқан кітапхана ұжымын атаулы күнмен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледік.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz