Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 40 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1143800
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
109
3535
6590
2856
13885
1119190
1143800
Ваш IP: 18.218.73.233
Время на сервере: 22-11-2024 11:25:02

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Мерекенің тарихын таныды

  • ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік шара өткізді.

Мекемеге қарасты Балалатрға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше есебінде қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған іс-шара облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында атап өтілді. Мерекелік іс-шараға 25 қызмет алушы мүгедек бала қатысты. Оларға бұл мерекенің тарихы, Елбасының көрнекті еңбектері мен қызметтік еңбек жолы туралы слайд пен кітаптар көрсетілді. Балалар да Отан, Астана тақырыбында және Елбасы туралы өлең жолдарын оқып, өз өнерлерін көрсетті. Ал жас ақын Дания Доминова ел Президентіне арналған шығармаларын оқыды. Кітапхана ғимаратының өзі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдауға барлық жағдайларын (пандус) жасау мақсатында үлгі боларлық ғимараттың бірі. Кітапхана тарапынан мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне барып, оларды қажетті кітаптармен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізіліп келеді. Осындай іс-шаралар еліміздің және Елбасының жеткен жетістіктері туралы мәлімет беріп, балалардың бойында патриоттық рухты, Отанына және туған қаласына деген сүйіспеншілікті  оятатынына сеніміміз  мол. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымыныа бірлесіп атқарылған жұмыстары үшін үлкен алғысын білдірді.

Жанар Жолдыбаева

Жамбыл-Тараз.-2015.-12 желтоқсан (№50).

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz