Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1143882
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
191
3535
6672
2856
13967
1119190
1143882
Ваш IP: 3.139.108.48
Время на сервере: 22-11-2024 15:51:54

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Өмірімнің шуағы

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Ана-өмірдің шуағы» атты ардагер аналармен кездесу кеші өтті.

Ақ жаулықтардың құрметіне ақ дастархан жайылып, жырдан шашу шашылған кеште Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылықбай Тәжібаев, белгілі қоғам қайраткері Жандар Кәрібаев, ардагерлер жанынан ашылған «Жан қуатым» тобы мен Ассамблея мүшелері болды. Іс-шараның шымылдығын Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова ашты. Кеш барысында «Өмірде ана бұлақ, ана пана, Өмірді өркендетер ана ғана» тақырыбында кітапхана көрмесі жиналғандардың назарына ұсынылды. Онда Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп, 1962-ші жылдан 1999-шы жылға дейін №1 тараз қалалық балалар ауруханасында дәрігер-педиатр болып қызмет атқарған, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлнұр Губайдулина, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы майданында медбике қызметін атқарған Зоя Мамедова, және «Алтын алқа» иегері Ақшакүл Тасыбаева, үш бала тәрбиелеп өсірген аяулы ана Хура Муминова кеш төрінің құрметті қонақтар9ы болды. Ақ жаулықты, ардақты аналар өрбіткен өнегелі әңгімелер жиналғандарды ойға қалдырды. Сондай-ақ, ТарМПИ профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Күлжамила Жолдасқызының «Өмірімнің өрнектері» атты кітабының тұсау кесу рәсімі өтіп, жиналған барлық аналарға сый-сияпат көрсетілді.

 

Құралай Сейсенбекқызы

Жамбыл-Тараз.-2015.-04 наурыз (№10).-8 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz