балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

Сайтта кім бар

Қазір 92 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1143684
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
3528
2037
6474
2856
13769
1119190
1143684
Ваш IP: 3.145.97.235
Время на сервере: 21-11-2024 23:14:15

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Кітап «карнавалы» әдебиет жауһарларымен таныстырды

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған шаралар шеңберінде «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша қабылданған «100 кітап» жобасы аясында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Әлем әдебиетінің жауһарлары» атты кітап карнавалын ұйымдастырды.

Кітапханада алдында бастау алған шарада Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, ақындар Үміт Битенова мен Бақытжан Әлімқұлов жиналған кітапсүйер қауымға, аудандардан келген кітапханашыларға, ұстаздар мен оқушыларға кітаптың аса бағалы байлық екенін айтып, оларды кітап оқуға шақырып сөз сөйледі. Мұнан соң кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова бастаған топ Абай көшесін бойлап, Т.Рысқұлов атындағы саябаққа дейін жаяу жүріп өтті. Бір сәтте ертегі кейіпкерлеріне айналған ұстаздар мен оқушылар осы арқылы көпшілік көңілін кітап оқуға аударғысы келгендей. Бұл мақсаты орындалған да секілді. Алыстан көз тартқан аттылы күйме салтанатына жол-жөнекей жастар, мектеп оқушылары қосылды.

Аталған саябақтың жабық залында балаларға арналған қызықты шара өтті. 100 кітап көпшілік назарына ұсынылды. Бұл ретте әлемдік классиктердің шығармалары, отандық және жергілікті ақын-жазушылардың балаларға арналған кітаптары таңдалды. Саябақта балалармен бірге қызықты ойындар ойналып, би биленді. Төменгі сынып оқушыларына тәттілер мен балмұздақтар таратылды. Шараны ұйымдастырушылар кітап білім байлығы екеніне мән беріп, балаларды әдеби шығармалар оқуға шақырды. Бұл жерде оқушылардың аса белсенділік танытқанын айта кеткен жөн. «Біз карнавалды көшеден көріп қосылдық. Қызығып кеттік. Осы шараға қатысып, үлкен әсер алдық. Кітап оқуға құштарлығымыз артты», - дейді тараздық оқушылар Аяулым Әсембекова мен Аяна Сықақова. Балалар бұл күні өздерінің сүйікті Алдар көсе, Қаңбақ шал, қасқыр, жеті лақ, қызыл телпек, қожанасыр секілді ертегі кейіпкерлерімен қауышып мәре-сәре болды.

Жиын соңында осы шараға белсене қатысқан Шу аудандық балалар кітапханасы жеңімпаз атанса, Сарысу және Т.Рысқұлов аудандарының кітапханашылары екінші, үшінші орындарды бөлісті.

 

Досалы Е. Кітап «карнавалы» әдебиет жауһарларымен таныстырды [Мәтін] / Е.Досалы // Ақ жол.- 2018. – 22 мамыр (№58).-4 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz