Әлем әдебиетінің жауһарлары
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ЖАҢАТАС ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ, «РУХАНИ ҚАЗЫНА» КІШІ, БАҒДАРЛАМАСЫ ЖОБАЛАРЫ МЕН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЛАРЫНДА БЕКІТІЛГЕН «100 КІТАП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЛАРЫ» АТТЫ КІТАП КАРНАВАЛЫ ӨТКІЗІЛДІ. КЕШТЕ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ С.ҚОЖАНАЗАРОВА СӨЗ СӨЙЛЕП, АШЫП БЕРДІ.
Шара барысында адам баласының бүкіл, ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап деп және 60 қазақ әдебиетінің, 40 әлем әдебиетінің классикасы, оның ішінде 20 - ағылшын, 20 - орыс әдебиеті қамтылғанын әр туынды өзінің түпнұсқа тілінде оқылатыны жайлы «кітаптар инсталляциясында» танытылып айтылды. Сонымен қатар, 9 кітап бойынша жасалған кітап инсталляциясын кітапхана меңгерушісі А.Қойлыбекова кіріспе бөлімінде айтып, насихаттады. «100 кітап» жобасына енген Н.В.Гогольдің «Ревизор» комедиясы таңдап алынып, «Жалғыз да бірегей комедия тұлғасы» әдеби коллаж өткізді. Кітапхана оқырманы Д.Сатыбекова Н.Гогольдің «Классика – өмірімнің серігі» атты шығармашылығына тоқталды. Сонымен қатар, «Ревизор» комедиясындағы кейіпкерлер Дуанбасы, Христиан Иванович, Амос Федорович, Артеми Филиппопич, Лука Лукич образында кітапхана оқырмандары сахналық қойылым қойып, көрермендерді күлкіге кенелтті.
Сондай-ақ, жазушыға арналған ақындардың өлеңдерін оқыды. «Скрудж» әні караоке арқылы хормен шырқалса, кітапхана оқырманы Аужан Аружан скрипкамен этюдтер орындап, кеш шырайын ашты. «Гогольді сүйеміз-Гогольді танимыз» сұрақ -жауап ойынын ойнап кітапхана қызметкері М.Қасымбекова көрермендердің білімін арттырды. «Жан біткен Гоголь шығармаларындағы» кейіпкерлер бейнесін Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Т.Сыздықбаева таныстырды.
Жиын соңында кітапхана қызметкері Н.Қиясова «Ашылмаған құпиялар иесі – Гоголь» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Есқараев С. Әлем әдебиетінің жауһарлары [Мәтін] / С.Есқараев
// Сарысу.- 2018.-21 ақпан (№22).- 4 б.