Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 73 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1144255
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
147
154
7045
2856
14340
1119190
1144255
Ваш IP: 3.16.76.102
Время на сервере: 24-11-2024 20:42:43

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Елін танытқан ер

 

  • Қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың туғанына 106 жыл толуына орай Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Елін танытқан ер» атты кеш өткізді.

 

Шараға аймақтағы Д.Қонаев қорының төрағасы Амангелді Карентаев, орынбасары Нарием Сейдуалиев, қордың аға референті Құрманғазы Демешев, «Ғұмыр-дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов және Төле би атындағы №8 мектеп-гимназия оқушылары қатысты.

– Қазақстан тарихында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен қызметі халық үшін қалай өмір сүру мен еңбек ету керектігінің тамаша үлгісі болып қалды. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде ол өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иман жүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де, елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді. Елі үшін аянбай еңбек еткен ердің есімі мәңгілік жадымызда жатталып қалады, – деді кітапхана директорының орынбасары Жанат Айтжанова.

Танымдық кеште халқын өзінен биік санаған тау тұлғаның Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне қосқан үлесі мен игі істері жөнінде, Отанының даңқын биікке асқақтатқаны, сонысымен өз абыройын биіктеткені туралы кеңінен айтылды. Жасөспірімдер де Димекең туралы жылы лебіздерін білдірді. Ал Құрманғазы Демешев елі мен жерін сүйіп, халқын қадір тұтқан Қонаевтың құрметіне арнап жазған өлеңін оқыса, №33 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Жамбыл Баймаханов «Өз елім» әнін нақышына келтіріп орындап берді.

Сондай-ақ «Altais Group» ЖШС бас директоры, кәсіпкер Әлімбек Жұмабаевтың кітапханаға сыйға тартқан «Ұлы тұлға» тақырыбындағы бұрышы да оқырмандар назарына ұсынылды. Бұрыш «Бақытты болашаққа», «Арман қанатында» және «Қазақстанның өркендеуі» атты үш бөлімнен тұрады екен. Ал ел ағасының туғанына 106 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрмеге «Елу жыл ел ағасы», «Өтті дәурен осылай», «Кемеңгер», «Жаны жарық Димекең» атты кітаптар мен мерзімді баспа беттерінен алынған материалдар қойылды.

 

Д.Құрманов, журналист

 

Құрманов Д. Елін танытқан ер [Мәтін] / Д. Құрманов // Жамбыл-Тараз.- 2018.-12 қаңтар (№4).-7 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz