балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

Сайтта кім бар

Қазір 95 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1143728
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
37
3535
6518
2856
13813
1119190
1143728
Ваш IP: 18.225.254.81
Время на сервере: 22-11-2024 04:59:57

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Туған жер» жобасының «Туған жер – туған ел» базалық бағыты, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында жазушылармен кездесу өтті.

Диляра ДАРХАН

                   Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Көркемсөз жұлдыздары» атты кездесу кешіне журналист, сатирик ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бақытжан Әлімқұлов пен ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, өнер қайраткері Құрманғазы Демешов қатысты. Қос қаламгердің еңбегімен етене танысып, қалам тартқан туындылары бойынша пікір алмасу мақсатында «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері, М.Әуезов атындағы №33 және №16 мектептердің оқушылары мен ұстаздары бас қосты.

 

                   Кездесуді кітапхана қызметкері Гүлсім Мамырова ашып, жүргізіп отырды.                          Кеш барысында бір салада еңбек еткен қос қаламгер өздерінің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы әңгіме өрбітті. Бақытжан Советұлы мен Құрманғазы Демешев өздерінің курстас екендіктерін айтып, студенттік шақтағы қызықтарымен бөлісті. Ойы жүйрік, қаламы қарымды қос ақын бір-біріне өлең арнап, шынайы достықтың сырымен бөлісті.

                   Сондай-ақ, Құрманғазы Демешев Бақытжан Әлімқұловтың әкесі, ақын Совет Әлімқұловтың сөзіне жазылған «Көктөбе» әнін домбыра шертіп отырып, тамылжыта шырқаса, Құрманғазы Демешевтің сөзіне жазылған «Жанымда жүр», «Туған ел» атты әндерін облыстық филармонияның әншісі Жанна Асанқұлова нақышына келтіріп орындап, оқырмандарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Ал Бақытжан Советұлы кітапхана қорына өзінің «Бұл мен ғой», «Мен де бірдеңе дейінші» және әкесі Совет Әлімқұловтың «Көзмоншақ» атты кітаптарын сыйға тартты.

                   Шара соңында «Көркемсөз жұлдыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

                   Дархан Д. Қаламды өміріне серік еткендер [Мәтін]/ Д.Дархан //Жамбыл-Тараз. - 2017. - 15 қараша (№46). - 11 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz