Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 45 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1147438
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
232
361
593
2557
904
1129915
1147438
Ваш IP: 3.145.56.150
Время на сервере: 03-12-2024 16:48:15

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Бүлдіршіндерге арналған әдебиеттер-2024

кітап атауы

кітап мазмүны

1

Шәкен Күмісбайұл. Сәби болғым келеді...(хикаяттар мен әңгімелер) – НұрСұлт. «Big Dream» баспасы, 2021 ж. – 188 бет.

Белгілі балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлының бұл кітабы жас сәби-өскіндерге арналған. Өсіп келе жатқан жас-өркенге шығарылған кітап. Кітап көптік етпейді, ешқашан. Тек өмірдің сан-салалы жұмбақ сырларын балаға жеткізе білсе... Шығармалар бұл талаптан шығып отыр. Әсіресе, бала тілі, мінезі, әрекеттері балалық шақты еске түсірері анық. Білуге ұмтылдырады. Бұл, сөз жоқ, қазіргі заман талабы.

2

Қазақ халық ертегілері. 4-басылым, стереотип. – Астана: Фолиант, 2023. – 208 б.

Ерқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауысарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнекей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез- келген кейіпкері – ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.

3

Қазыбек Мадияр, Слямбек Қымбат Ахмет Байтұрсынұлы кім? Алматы: «Мазмұндама! қоғамдық қоры, 2022. – 108 б.

Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, қазақ филологиясының негізін салушы ғалым, түріктанушы, публицист, педагог, аудармашы, Алаш қайраткері. Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт – азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі. Қолыңыздағы кітап қазақтың аяулы тұлғасының шығармашылық жолы, қилы тағдыры, жеңістері мен жеңілістері, ұлт болашағы үшін сіңірген еңбегі хақында сөз қозғайды.

4

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

«Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, Қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызы түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді» Бұл жинаққа Бағдат Мәжитовтың «Ауылдың суреті» атты кітабында әңгімелер мен әлем халықтарының ертеглері, өлеңдер,жұмбықтар, метаграммалар кіріп отыр. Кітаптан балалар және жасөспірімдердің өмірінен өткен қызықты сәттері, қиялдары мен армандары, қызықты ертегілер, өздеріне тән болмыс-бітімдері суреттеледі.

5

Алтынсарин Ыбырай «Таза бұлақ» жинағы.

Қазақстан шыққан тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы тұлға. Жастардың сауатты көзі ашық болғанын мұрат тұтып, осы бағытта еңбектеніп, қыруар іс атқарған ұлтымыздың біртуар перзенті. Қолыңыздағы жинаққа Ыбырай Алтынсариннің тағылымды әңгімелері мени мысалдары, өлеңдері мен ғибратты ертегілері топтастырылған. Оның шығармалары жас ұрпақты талапты, еңбекқор, төзімді,білімді,батыл болуға үндейді, адамгершілікпен ар-намыстты биік қоюға шақырады.

6

Мұхтарбекқызы Гүлдана «Тазша бала» Күнді қайтару: Ертегі / Мұхтарбекқызы Гүлдна.-Алматы: Астана-кітап, 2021.-30б.

Бір күні аспандағы күн жоғалып,Жер бетін түнек басады. Күн жоғалған сон жердегі тіршілікке қауіп төнеді. Сол кезде Тазша бала күнді қайтару үшін шытырман оқиғаға толы сапарға шығады. Тазша кімді кездестіреді? Олар мақсатына жете алды ма? Күнді кім жасырып қойды? Бұл ертегі Тазша бала мен оның достарын оқырманға қайтадан қауыштырады. Мейірімділікпен, достықпен батылдықтың әлемді құтқара алатынын көрсетеді.

7

Имайо Әсел сиқырлы скрипканың ертегілері.

«Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталатын бұл көркем суреттермен безендірілген ғажайып кітапта танымал музыкалық шығармалар бойынша «Арт Мирай» қазақтың музыкалық мұрасын сақтау қорының құралтайшысы Әсел Имайоның қиялынан туындаған ертегілер берілген. Бұл жәй ғана ертегілер жинақталған кітап емес. Бұл, расында да сиқыршы кітап. Себебі осы кітапты қолына алған кішкентай оқырманымыз QR- код (мобильді құрылғының камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін екі өлшемді штрих-код) Көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін QR кодын сканерлеп, сілтеме бойынша өту керек. Кітаптағы суреттерді Нұр-Сұлтанның жас суретшісі Айсұлу Алмасбаева салды.

8

Абай Құнанбайұлы өлеңдері

Кітапқа Абай Құнанбайұлының жыл мезгілдері туралы әйгілі өлеңдері еңген. Оқырман толықтырылған шынайылық технологиясының арқасында кітаптың мазмұнына терең еніп, кітапта көрсетілген табиғат бейнелерін көре алады.

9

Етекбаев М. Алатау ертегілері/ Мұхамеджан Етекбаев.Алматы: «Өнер 21 ғасыр» ҚҚ 2023-248 б.

Сайран өзек салқам дала, сандал тау сахара шөл төрінде қиядан құс қайырып, күн кешкісін керуердетіп қайту қашанда қазақтың қанында бар. Қанда бар қасиет ғұрыпты біз қаншалықты сақтап келеміз,Қаншалықты насихаттап ұрпаққа ұғындырып келеміз. Әсіресе, қолдан ұшырар қыран құстың қасиетін танып білдік екен? Міне, осы бір тектес жұмбақ-сауалдар турасында М. Етекбаевтың «Алатау ертегілері» ертекті ойдан ес-жадыға сақтар ерен де ерен,салауатты да сауапты жауаптар береді. Егер етек басқан ұлыңыз қолда құс қондырып, жонда саят құрамын десе: «Алатау ертегілерінде» баласының балапан кезден ақиық қыран болғанға дейінгі өсіп жетілуі, түзде түлеп, көкте шарықтауы, олардың мінез-құлық қасиеттері сөз болады.

10

Жексенбай Тұрдақын. Бал бұлақ Алматы:Атамұра, 2010-96 бет.

11

Ыбырайұлы Көмек Шуақ. Өлеңдер,жұмбақтар,мысалдар,аңыздар.К.Ыбырайұлы.- Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021.-160бет.

Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздік қызметкері», «Мәдениет саласының үздігі», «Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,ұстаз,сазгер,ақын Көмек Ыбырайұлы балаларға арналған жиырма шақты кітаптың авторы. К.Ыбырайұлы ынтымақ-бірліктің, адалдықтың арнасын өз шығармасының өзекті желісі етіп, жас өркендерді патриоттық тәрбиеге баулып, тілін дамытып, ой-қиялын шарықтатуға аса мән береді. «Шуақ» атты бұл кітабынан да сол асыл қасиеттердің шуақ шашқан шырайын көруге болады. Кітапқа өлеңдер,жұмбақтар мысал-аңыздар топтастырылған.

12

Мирас пен Диас: Super киім Жинақтаған: Парасат Танен, Садық Шемірбек- Алматы Orda generation, ЖШС -2021-25бет.

Сізге ұсынылып отырған бұл жинақ ең алдымен баланың ғылымға құштарлығын ашуға көмектеседі.ересектер кейде балалардың көңіл қалауларын түсіне алмай жатады.Осы тақырыпты ашу үшін ағайынды Мирас пен Диастың өнертапқыштық жұмысына фундаментал ғылым жаңалықтарын бойына жинаған «Білім кітап» көмекке келеді. Бұл баланың таным көкжиегін кеңейтуге ықпал етсе, ата-ана үшін ғылымды түсіндірудің керемет формасы боларына сеніміміз мол.

13

Жаңабек Шағатай Бірінші сыныптың баласы Балалар әдебиет/Жаңабек шағатай/Алматы , Балалар әдебиеті 2023-240бет.

Жаңабек Баққондыұлы Шағатай-жазушы Жазушылар одағының,Журналистер одағының мүшесі.1961 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы,Талас ауданы,Үшарал ауылында дүниеге келген.1991 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін сырттай бітірген. Ауыл шаруашылығы саласында,құрылыста жұмыс істеген. 1985 жылдан бастап «Жалын» баспасының аударма бөлімінде редакторлық қызметке қабылданды. Мұнда ол жоғары сынып оқушылары, жасөспірімдер мен жастарға арналған көптеген көркем және танымдық,шытырман оқиғалы, фантастикалық кітаптардың редакторы болды.

14

Файзуллаұлы Ә. Өтірік айпайтын күн. Әңгімелер, ертегілер, хикаят, аңыз-дастандар, сахналық қойылымдар/ Әлібек файзуллаұлы- Алматы: «Таймас» баспа үйі 2021-272 бет.

Әдебиет әлеміне келген уақыттан балаларға базарлық жасап, барқыт кілем өмірденөрнек іздеп, ой түйіндеген белгілі жазушы Әлібек Файзуллаұлы тағы да жасөспірімдер кітапханасы сөресіне «Өтірік айтпайтын күн» атты туындысын ұсынып отыр. Туындының туы – талап-арман, кішіпейілділік,адалдық, арлылық, елдік пен ерлік .... Осы атаулы қадір қасиеттер жазушының «Жақсы көру» «Сағыныш» «Өтірік айтпайтын күн» әңгімелерінің «Өмірдің мәні» «Алтын елеуші» ертегілерінің ерен қабырға-желісіне айналған.

15

Қалиұлы С. Менің елім. Қалиұлы С.- Алматы: «Массагет 21» 2019-200бет.

Қазақ балалар әдебиетінің сарбаз-сардары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Сұлтан Қалиұлының «Менің елім» атты бұл кітабына оның өлең-тақпақтары, жұмбақ-жаңылтпаштары, «Алдар мен шайтан» «Сауық» поэмалары мен т.б. шығармалары еніп отыр. Қаламгер ұтымды да ұтқыр, ойнақы да ойлы өлең ұйқасының иірімдерімен бала жанын баурай түсіп, оларды отансүйгіштік,еңбекқорлық, батылдық пен батырлық,адалдық, адамдық жолына бастайды. Кітаптың он жасар оқырманнан ұлағатты ұстазға дейінгі берер көмегі-қорегі ұшан-теңіз.

16

Соқпақбаев Бердібек «Балалық шаққа саяхат» Алматы «Мазмұндама баспасы» 2023-292бет.

Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты повесі-өмірбаяндық туынды. Автор бұл шығармасында балалық шағында басынан кешкендерін Бектас бейнесі арқылы шебер түрде суреттеген.Сондай-ақ бір отбасының тыныс-тіршілігі арқылы бір дәуірдің тұтас бейнесін көрсете білген. Повестің тілі жеңіл,өз тақырыбы мен мазмұны жеткілікті деңгейде ашылған. Кітап көпшілік оқырманға арналады.

17

Асхат өмірбаев. Ең үздік ертегіші.Балаларға арналған ертегілер-қиял- ғажайып,танымдық кітап. А.Өмірбаев.Алматы. «Балалар әдебиеті» 2022-180бет.

Балаларға арналған «Ең үздік ертегіші» атты кітаптағы ертегілер Отанды сүюге,туған жерді аялауға, мейірімділік пен қайырымдылыққа үйретеді.Баланы адамгершілікке,ұлтжандылыққа баулып,достықты берік сақтауға үндейді. Шығармалардың өн бойында білімге құштарлық,жақсылыққа ұмтылу,тәлімді тәрбиеге үндеумен бірге үлкенге-құрмет,кішіге-ізет көрсету секілді тәрбиелік мәні бар. Тілі жеңіл,бояуы-қанық.Жазушының қиял-ғажайып ертегілері адамды елітіп әкетіп,тартымды әрі қызықты оқылуымен ерекшеленеді.Ертегілер мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына, жалпы оқушылар мен жасөспірімдерге арналған. Үш бөлімнен тұратын заманауи үлгіде жазылған ертегілер балаларға тамашабазарлық боларына сенім мол.

18

Сопыбеков А. Көңілді біздің күніміз.Өлеңдер,мысалдар,ертегілер,аңыздар поэмалар Адырбек Сопыбеков-Алматы «Таймас» баспа үйі 2021-304бет.

Бұл кітапқа А.Сопыбековтың Отанға, туған жерге,табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімді арттыратын,ержүректілікке,еңбексүйгіштікке, кішіпейілділікке, жақсылыққа жетелейтін жыр өлеңдері еңген. Ақынның әр-тақпақ өлеңдерінің, мысалдары мен ертегі, аңыздарының астарында жатқан уытты да әдемі әзілдер оқушының намыс отын оятары айдан анық.

19

Салықбай Ә. Айдана мен Ақжолтай. Әңгімелер мен хикаяттар/ Әбділдабек Салықбай –Алматы «Томирис 21» 2021-192 бет.

Жас дос! Бұл кітапқа өздерің сияқты балдырғандарға арналған бір топ шығарма енген. Осынау шап-шағын әңгімелер мен хикаяттарды зер сала оқысаң, Айдана, Асылтай, Құралай,Нұрәділ,Санжар және Нартай есімді жаңа достартабарың анық. Айдана мен Құралай сені сұлулық пен ізгілікке шақырса,Нұрәділ Санжар және Нартай есімді достарын табандылық пен төзімділікті,қайсарлық пен ыждағаттылықты үлгі етеді.Тек өзің жақсыдан үйреніп,Жаманнан жиренуге жалықпасаң болғаны. Автор басқа да шығармаларындағы ұлттық бояуға бай, ізгілікке іңкәр киіпкерлері арқылы өзің сияқты балғын оқырмандарды ізгілікке имандылыққа,жасампаздыққа үндейді.

20

Керей мен Жәнібек хандар Өтеуғалиева С.Қ. Алматы: «Аруна» баспасы, 2017- 24 бет «Әлемнің ұлы тұлғалары»

«Аруна» баспасы «Әлемнің ұлы тұлғалары» топтамасымен дүниежүзіне әйгілі адамдардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр.Бұл туындылар арқылы халқымыздың аяулы тұлғалары жайлы жан-жақты мәлімет алып қана қоймай, әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдардың өміріне қатысты да қызықты деректермен таныса аласыздар.

21

Бату хан/құраст. Әбдімомынов Н.Т.- Алматы: «Аруна» баспасы,2017.- 24 бет.- Сер.: «Әлемнің ұлы тұлғалары».

«Аруна» баспасы «Әлемнің ұлы тұлғалары» топтамасымен дүниежүзіне әйгілі адамдардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр.Бұл туындылар арқылы халқымыздың аяулы тұлғалары жайлы жан-жақты мәлімет алып қана қоймай, әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдардың өміріне қатысты да қызықты деректермен таныса аласыздар.

22

Ернұр Сейдахмет «Жалқау құмырсқа»-Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022-160бет.

Ернұр Сейдахмет 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Мектепті ойдағыдай бітіріп, туған жеріндегі университетте білім алып, инженер-техногол мамандығын меңгерді. Балаларға арналған республикалық «Астана-Бәйтерек» (2007), «Балауса» (2013), Халықаралық «Дарабоз» (2012) конкурстардың жеңімпазы атанды. «Қашан үлкен боламын?» «Тентек доп», «Күлші, қәне,балақай!» кітаптарының авторы. Қолыңызға тиіп отырған «Жалқау құмырсқа» кітабы өзінің шебер жазылуымен кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық. Тілі жатық,ойы ұшқыр, тәлім тәрбиесі мол жинақы әр баланың сүйіп оқитынына сенімдіміз.

23

ORDA ертегілері С 42 Орда кітап./ Құраст.Парасат Танен, Садық Шемірбек-Алматы, ORDA Generation,ЖШС-2021,140бет.

Бұл кітапта қазақ тіліндегі жаңа заманғы ондаған автордың адамдық, ұлттық және таным құндылықтары негізінде жазған ертегілері жинақталып отыр.Жоба жасаушылар барлық жас оқырман мен ата-аналарына ыңғайлы болу үшін ертегілердің аудионұсына кітап ішінде сілтеме беріп кеткен. Технологиялық үдерістер қазіргі балалардың контент қажеттіліктерінің аясын еселеп кеңейткені белгілі.Сол факторларды негізге ала отырып,жаһандық тәжірбилердің ең соңғы озық үлгісімен астастырып шығарылған бұл өнімдер сериясы жаңа леп іздеген көпшілік оқырманның көңіліннен шығады.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz