Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай кітапханашылар Жеңіс саябағында №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушыларымен бірге Ауған соғысының ардагері - Ізбасаров Керім Махамбетұлымен кездесіп, сыр сұхбат өткізді.
Саябақта орналасқан Ауған соғысы ардагерлерінің кеңсесін аралап, еліміздің батыр жауынгерлері мен Жамбыл өңірінен қатысқан жауынгерлер туралы мәлімет алды.
Оқырмандар сұрақтарына, уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген ардагердің айтары да, бізге берер тәлімі де мол болды.
«15 ақпан – Ауған ардагерлері арамызда» сыр сұхбат
Comments«Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында университеттер апталығының соңғы қорытындылау күнінде Сүлейман Демирел университеті онлайн кездесуге қатысты.
Рекрутинг және талапкерлерді қабылдау офисінің маманы Әліби Ордабек оқу орнының құрылу тарихынан бастау алып, университеттің оқыту деңгейлеріне тоқталып өтті. Оқу орны 1996 жылы ашылған еліміздің алғашқы халықаралық үлгіде білім беретін жоғары оқу орындарының бірі екендігін айтты.
Талапкерлерге қойылатын талаптар мен міндеттерді түсіндірді. Оқытушылармен алмасу саласында және академиялық байланысты дамыту бойынша шетел ЖОО-мен алмасу практикасының жүргізіліп жатқандығын айтты. Білім беру қызметтерін ұсынуға арналған жоғары білікті мамандар, дамыған инфрақұрылым және материалдық-техникалық базасы бар таңдаулы оқу орны екендігіне баса назар аударылды.
Zoom платформасы арқылы «Әлем» колледжінің жоғары курс студенттері, №23 орта мектебінің 11 сынып оқушылары тікелей эфирде өздеріне қажет барлық мәліметтерді алып, сұрақтарына жауап алды.
Осымен, «Болашаққа бағдар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында өткен университеттер апталығы аяқталды. Апталыққа ат салысып, жоғары белсенділік танытқан барлық қатысушыларға кітапхана атынан алғыс айтамыз.
Comments«Библиографиялық әліппе» жоба аясындағы «Библиография – құпиялар әлемі» бейнеролигі оқырмандар назарына ұсынылды.
«Библиография – құпиялар әлемі»
Comments«Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында университеттер апталығының төртінші күндігінде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті онлайн кездесуге қатысты.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Айгерім Аскаровна оқу орнының құрылу тарихынан бастау алып, медициналық университеттің оқыту деңгейлеріне тоқталып өтті.
Бүгінде еліміздегі ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан медициналық университеттердің бірі, жоғары медициналық білім беру саласында жоғары беделге, білім беру қызметтерін көрсетуде де, медицина ғылымы мен клиникалық қызметті дамытуда да өзіндік дәстүрлері бар оқу орны екендігін айтты.
Zoom платформасы арқылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің жоғары курс студенттері, Тараз мамандандырылған колледж студенттері және Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 11 сынып оқушылары тікелей эфирде өздеріне қажет барлық мәліметтерді алып, сұрақтарына жауап алды.
-
Апталық кестесі қосымшада көрсетіледі.
- 10.02.2023ж Сүлейман Демирел университеті