ХХ ғасырдың ең алапат шайқасы – Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ жауынгерлері көп ұлтты Кеңес Одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті.
⠀Соның бірі аты аңызға айналған мерген Ыбырайым Сүлейменовтың есімін айтуға болады.
⠀Ыбырайым Сүлейменов 1911 жылы Сарысу ауданының, «Қызыл күншығыс» ұжымшарында (Қазіргі Байқадам кеңшары) туған. Соғысқа аттанғанға дейін Жамбыл ауданындағы Жамбыл МТС-інде тракторшы болып жұмыс істеген. 1941 жылдың күзінде Жамбыл қаласынан әскерге шақырылып, Алматыға жөнелтілген.
⠀Онда 100-ші жеке атқыштар бригадасының құрамының 2-ші батальонында мергендікке шыныққан. «Ер есімі – ел есінде», - демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Осыған орай бейнеролигімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Ыбырайым Сүлейменовтың туғанына – 110 жыл ⠀ «Ер есімі – ел есінде»
CommentsҚазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде 1 мамыр тойланады. Мақсаты - ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Әр ұлт диаспораларының өкілдері мейрамға құттықтауларын ұсынады.
1 мамыр – Халықаралық Ынтымақ күні «Ұлттар достығы – басты байлығымыз» Онлайн фестиваль
CommentsЖурналист, жазушы, теледраматург, қоғам қайраткері, қазақ телевизиясының құрметті ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық телевизия және радио академиясының академигі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының және Қазақстан Президентінің журналистика саласындағы сыйлығының иегері Сұлтан Оразалының туғанына – 80 жас толуына орай оқырмандарды елжандылыққа, Отанды сүюге, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Қарымды қаламгер» әдеби дефиле өткізілді.
Оқырмандар іс-шара барысында журналист, жазушы Сұлтан Оразалының өмірбаяны және еңбектері жайында мәлімет алып, алған мәлімет бойынша сұрақтарға жауап берілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=596#sigProGalleriaab94fc973c
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мәдениет мекемелері арасында ұмытылған салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдарды насихаттау бағытында ұйымдастырылған «Дәстүрім – қазынам» байқауы өтті.
Байқау кезеңдері: «Таныстыру», «Ас атасы – нан», «Кім жүйрік?», «Кім күшті?» деп аталатын 4 кезең бойынша бақ сынады.
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы алғыс хатпен марапатталып, "Ас атасы - нан" кезеңінде кітапхана қызметкері Есенбай Рая алғыс хат алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=596#sigProGalleriaf25583f81b