детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 43 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1122370
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
177
297
1641
8186
3180
1092553
1122370
Ваш IP: 3.238.82.77
Время на сервере: 14-10-2024 17:17:08

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

+++.Жиынға Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Қасиет Малғаждаров пен облыс әкімдігі Тілдерді оқыту орталығының маманы Алтын Абдрахманова және қаладағы орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.

Онда Қасиет Малғаждаров «Лат ын әліпбиін тез үйренудің жолдары» деген тақырып бойынша дайындаған баяндамасын оқып, латын әліпбиіне көшудің тиімділігі жайлы өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін Мемлекет басшысына ұсынылған латын әліпбиінің жобасы туралы пікір білдіріп, өзінің дайындаған жобасымен таныстырды. Әліпбиді жасаушылар тілші-фонолог ғалымдар мен әлемдік дәрежедегі техниканың тіліне бейімдей алатын информатика-програмист мамандар болғаны дұрыс деген Қасиет Кәкенұлы латын әліпбиіне көшудің қажеттілігіне тоқталды. Оның айтуынша, латын әліпбиіне көшу арқылы еліміз әлемдегі даму сатысындағы беделі артып, Кеңес дәуірінде қалыптасқан басы артық әріптерден құтылып, емле-ережелерімізді қайта қалпына келтіре аламыз. Сонымен қатар Елбасының «Үш тұғырлы» тіл саясаты мәселесі оңынан шешіліп, мемлекеттік тіліміз халықаралық сипат алатын болады. Және түбі бір түркі елдерімен туыстық қарым-қатынас нығайып, инновациялық-техникалық құралдар тілін еркін меңгеру мүмкіндігі кеңеймек. Бастысы, Қазақ елінің Мәңгілік ел идеясындағы ел бірлігі мен ынтымағы артпақ.

– Латын әліпбиіне көшуден қорқудың қажеттілігі жоқ. 2022 жылдан бастап 1-ші сыныпқа осы әліпби бойынша оқыту басталатын болады. Ал басқаларымыз кирилица бойынша оқып, жазып жүре береміз. Яғни, екеуі қатар жүрмек. Мұнда қорқыныш тудырып отырған мәселе – кітаптарды латын қарпіне көшіру. Елімізде тәуелсіздік жылдарынан кейінгі кітаптардың барлығының дерлік электронды нұсқалары бар. Сол арқылы оны латын қарпіне көшіру оңай істердің бірі. Ал ол уақытқа дейін басылып шыққан кітаптардың да электронды нұсқалары баршылық, – деді Қасиет Малғаждаров. Мұнан соң сөз тізгіндеген Алтын Абдрахманова Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында 2025 жылдан бастап толық латын әліпбиіне көшетінімізді қадап айтқанын және бұл бастама қазақстандықтарды ұлттық бірегейлікті нығайтуға шақыратынын, 30 дамыған елдің қатарына енуге, сондай-ақ бағдарламалық құжат рухани байлықты сақтауға септігін тигізетінін түсіндіріп өтті. Шарада студенттер де қалыс қалмай, келген қонақтарға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Сонымен қатар олар кітапхана тарапынан жүргізілген сауалнамаға жауап беріп, басқосуға белсене атсалысты.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Сейдуалиев Ш. «Үш тұғырлы» тіл саясатына сеп болмақ [Мәтін] / Ш.Сейдуалиев. // Жамбыл-Тараз.-2017.-1қараша (№44).-4 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz