детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 90 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1040682
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
163
656
819
6027
16272
1010257
1040682
Ваш IP: 34.236.191.0
Время на сервере: 28-05-2024 08:24:57

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Бір ел – бір кітап» акциясы – 2016. Жыл кітабы таңдалды

 

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша ұйымдастыру комиссиясының отырысында жыл кітабы болып Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы таңдалды.

Өмірбаяны

 

Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туады. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашады. Алайда, ақындық өнерді еркше қастерлеген аймақта өмір сүрген, көне ақын, жыраулар мұрасынан, ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырлардан нәр алып өскен Дулат өз заманындағыаса зерделі адамдадардың бірі болды. өнер жолына ерте түскен Дулат

XIX ғасырдың орта шенінде Сарыарқадағы ең атақты ақындардың санатына қосылды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін үлкен құрметке, даңққа бөленіп өткен ақын 1874 жылы өз елінде қайтыс болады.

Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, көне түркі поэзиясынан тағылым алған, өлеңді суырып салып та, жазып та шығарған Дулат қазақ поэзиясын мазмұн, тақын жағынан барынша байыта түсті, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді. Ақынның терең мағыналы өлеңдері ұлы Абайға да әсер етті.  

 

 

 

«Бір ел – бір кітап акциясы» - 2016

 

 

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлының (1802–1871) шығармалары – әдебиетіміздің асыл мұрасы. Өз дәуірін барынша батыл, өткір тілмен жырлаған ақын өлең-жырларының айтары да мол, көркемдігі де кемел. Жинаққа Д.Бабатайұлының шығармалары, 1880 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Өсиетнама» жинағының факсимилесі және ақын туралы әдебиеттанушы-ғалымдардың зерттеулері мен жазушылардың пікірлері беріліп отыр.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру