ХХ ғасырдың ең алапат шайқасы – Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ жауынгерлері көп ұлтты Кеңес Одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті.
⠀Соның бірі аты аңызға айналған мерген Ыбырайым Сүлейменовтың есімін айтуға болады.
⠀Ыбырайым Сүлейменов 1911 жылы Сарысу ауданының, «Қызыл күншығыс» ұжымшарында (Қазіргі Байқадам кеңшары) туған. Соғысқа аттанғанға дейін Жамбыл ауданындағы Жамбыл МТС-інде тракторшы болып жұмыс істеген. 1941 жылдың күзінде Жамбыл қаласынан әскерге шақырылып, Алматыға жөнелтілген.
⠀Онда 100-ші жеке атқыштар бригадасының құрамының 2-ші батальонында мергендікке шыныққан. «Ер есімі – ел есінде», - демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Осыған орай бейнеролигімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Ыбырайым Сүлейменовтың туғанына – 110 жыл ⠀ «Ер есімі – ел есінде»