Адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы кітапты, кітап оқудың пайдасын және артықшылықтарын насихаттау мақсатында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітапты адам ойлап тапты» тақырыбында библиография күні өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға атаулы мерекенің шығу тарихы, алғашқы кітаптар, баспаханалар, кітап туралы қызықты деректер мен кітап оқудың сан түрлі пайдасы мен артықшылықтары туралы көптеген ақпараттар берілді.
Қатысушылар соңғы оқыған кітаптары, мазмұны, өздеріне ұнаған тұстары бойынша өз ойларын ортаға салып, іс-шара оқырмандардың библиография терминімен жақынырақ танысып, аталған ғылым, оның мағынасы, кітапханадағы атқаратын қызметі, каталог және оның түрлері, картотека, соның ішінде өлкетану және мерзімді басылымдар картотекасын пайдаланудың жолдарын үйренді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=300#sigProGalleria1639135e9f
Би үйірмесінде оқырмандардың эстетикалық қабілеттерін дамыту, дене қозғалыстарының икемділігін, сымбаттылығын қалыптастыру мақсатында қатысушылар «Қамажай» биінің қимылдарын үйренді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=300#sigProGalleria5fc1e30a56
Оқырмандарға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын түсіндіру, оны болдырмаудың алдын-алу, жаман әдеттерден сақтану, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу мақсатында №42 орта мектеп оқырмандарының қатысуымен «Нашақорлық: үмітсіздіктен үмітке толы өмірге» ашық микрофон өткізілді.
Іс-шараға қатысқан оқырмандар нашақорлық бүкіл қоғамның қасіреті, болашаққа қауіп төндіретін індет екендігі, оны пайдаланушы адам өмірі мен айналасындағы адамдар үшін қауіпті екендігі туралы ойларымен бөлісті.
Көрмеге нашақорлықтың зиянды жақтары туралы айтылған әдебиеттер қойылып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын үндеу парақшалары оқырмандарға ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=300#sigProGalleria059367f39c
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында "Еркін ел ұрпағы" атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=300#sigProGalleriad712f4d490