Оқырмандарға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын түсіндіру, оны болдырмаудың алдын-алу, жаман әдеттерден сақтану, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу мақсатында №42 орта мектеп оқырмандарының қатысуымен «Нашақорлық: үмітсіздіктен үмітке толы өмірге» ашық микрофон өткізілді.
Іс-шараға қатысқан оқырмандар нашақорлық бүкіл қоғамның қасіреті, болашаққа қауіп төндіретін індет екендігі, оны пайдаланушы адам өмірі мен айналасындағы адамдар үшін қауіпті екендігі туралы ойларымен бөлісті.
Көрмеге нашақорлықтың зиянды жақтары туралы айтылған әдебиеттер қойылып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын үндеу парақшалары оқырмандарға ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1649-nasha-orly-mitsizdikten-mitke-toly-mirge-ashy-mikrofon.html#sigProGalleria059367f39c