Осы жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толғалы отыр. Осы мерейлі күнге орай «Герои военных лет» атты тақырыпта ерлік сағаты өткізілді. Бұл сағат Кеңес Одағының батырларына арналды.
CommentsӘдеби кітаптар мен оқулықтар білім көзі, рухани қазына, кітапты неғұрлым көп оқыған сайын біліміміз молайатындығын, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ деп, дана халқымыздың «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалын негізге ала отырып,
CommentsОқушыларды қазақ хандығының құрылу тарихымен, қазақ хандығының тарихындағы қиын қыстау кезеңдерінде жол көрсетіп, басшылық жасап, қазақ хандығын қалыптастырып нығайтуға үлкен үлес қосқан Жәнібек пен Керей хандар туралы тарихи еңбектермен таныстыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сахна мәдениетіне үйрету. Қазақ халқының басынан өткерген қиындықтарын көрініс арқылы жеткізу, ұлттық сана-сезімдерін ояту. Көпшілік алдында өздерін еркін ұстай білуге тәрбиелеу мақсатында 30 сәуір күні «Ұлы даланың рухы» драмалық көрініс көрсетілді.
CommentsБүлдіршіндер секторының кітпханашысы Оңғарбаева А мен № 30 «Нәзерке» балабақша «Құлпынай» ортаңғы тобының тәрбиешісі Баймаханова А. бүлдіршіндерінің қатысуымен кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік берді. Кітапханаға келіп түскен жаңа панорама-кітаптар, 3Д кітаптар, сөйлейтін кітаптар, ұзын кітаптармен таныстыра отырып, кітапқа деген бүлдіршіндердің қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Бүлдіршіндерді кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу мақсатында «Ертегілер әлемі» атты тақырыбында саяхат өткізілді. Кітапханашы бүлдіршіндерді кітап қорына келіп түскен заманауи технологиялық кітаптар: 3Д, панорама, сөйлейтін, ұзын кітаптармен таныстырып өтті. Ертегі кейіпкерлерді кітап арқылы көрсетіп бүлдіршіндер өздері білетін ертегілерін ортаға салып айтып берді. Сондай-ақ көптеген сұрақтар қойылып, қызықты жауаптар айтылды.
Comments