Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 11.12.2015 жылы «Жас талант» домбыра үйірме мүшесінің ұйымдастыруымен белгілі балалар ақындары Асқаржан Сәрсек пен Лесбек Сайлаубектің «Бала жанының бағбандары» атты еске алу кеші өтті. Кешке Жамбыл облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының орынбасары Жинақбаева Мубарак Қасымқызы, Жамбыл – Тараз газеті редакторының орынбасары Әбдиев Ерман,
«Ақ жол» газетінің әлеумет бөлімінің қызметкері, ақын Баймаханбет Ахмет, облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері, ақын Өзбеков Ахметжан қатысты. Аталған іс-шара барысында Асқаржан Сәрсек пен Лесбек Сайлаубектің өмірбаяндары мен шығармалары, өлеңдері туралы слайд көрсетілді. «Жарығы өшпейтін жұлдыздар» атты кітап көрмесіұйымдастырылды. Көрмеде ақындардың шығармалары, өлеңдері қойылды.
«Жас талант» домбыра үйірме мүшелері ақындардың өлеңдерін жатқа оқылып, күй тартылды. Іс-шараны Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры М.Е.Ысқақ қорытындылай келе Жамбыл облыстық энциклопедиясында Асқаржан Сәрсек пен Лесбек Сайлаубек туралы мәлімет жоқтығын айтып, мәдениет басқармасына 2016 жылғы энциклопедияға аталған ақындарды қосуын сұранды.
Кешті қорытындылай келе Жинақбаева Мубарак Қасымқызы, Әбдиев Ерман, Баймаханбет Ахмет, Өзбеков Ахметжан іс-шараны өз сөздерімен қорытындылап, өз ризашылықтарын білдірді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сахна мәдениетіне үйрету, көпшілік алдында өздерін еркін ұстай білуге тәрбиелеу.