16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 15 желтоқсан күні
Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастырумен Тәуелсіздік күніне орай «Ар намысым, қасіретім, қуанышым –Желтоқсан!» тақырыбында музыкалық кеш өткізілді. Кештін мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Кітапханашы оқушыларға Тәуелсіздік туын көтерген «Желтоқсан оқиғасы» туралы айта келе, желтоқсан құрбандарының ерлігіне тоқталып өтті. Жас ұрпаққа Тәуелсіздік қадірін білу керектігін түсіндірді. Желтоқсан оқиғасы не себептен болды, қалай болды, оған кімдер қатысқандығы туралы мәлімет берілді. Балалар осы мерекеге арналған өлең жолдарын оқып, қонақтарға әндерін сыйлады. Іс-шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.