Бірінші желтоқсан - Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн. Осы күні, яғни 1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ шығар. Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды.
Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып, халықтың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. Бұл жеңіс елдің Президентке деген ұлы сенімі мен жарқын болашаққа ұмтылған халықтың іс жүзіндегі нақты көрінісі еді. 30 қараша күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының кітапханашысы Онгарбаева А.А. 01.12.2015 ж. № 13 мектеп қабырғасында 2 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағаты өткізді. Іс-шараның мақсаты:Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Кітапханашы оқушыларға 1-желтоқсан Қазақстан Республикасында тұңғыш Президент күні екендігін түсіндіре отырып, қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздері, Ұлттық Теңгеміз, «Ата Заңы», еліміздің астанасы – «Астана» туралы сөз қозғалды. Кітап көрмесіне шолу жасалып, бүлдіршіндер еліміздің әнұранын жатқа орындады.