Тәуелсіздіктің 30 жылдығына "Бір ел-бір кітап" акциясына байланысты 30 кітапты насихаттау, жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу мақсатында проза жанры бағытында Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің қалыптасып даму кезеңінде өшпес өнеге қалдырып, рухани болмысымызды жетілдіру жолында таусылмас терең тағылым көрсетіп, әдебиет әлеміне ұлттық нәр, сан қырлы нақыш сыйлаған жазушыларымыздың бірегейі –Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Періштелердің өлімі» кітабын насихаттап, Төле би атындағы № 8 мектеп-гимназиясының оқырмандарымен танымдық сағаты өтті.
⠀Іс-шара барысында Тынымбай Нұрмағанбетовтың жаңа туындысы «Періштелердің өлімі» романы туралы көптеген мағлұматтар беріліп, көрнекті жазушы бүгінгі заманның ащы шындығын шұрайлы тілмен суреттей отырып, сан алуан тағдырлы адамдардың көркем бейнесін сомдайды. Оқырмандар роман жайлы өз ойларын сұрақ-жауап арқылы ортаға салып, талқылап пікірлерін білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=544#sigProGalleriaeefdc37467
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының «Атамекен» клубының ұйымдастыруымен Төле би атындағы № 8 мектеп - гимназиясының 5 сынып оқырмандарымен «Мен-өмірді сүйемін!» ойталқы өткізілді.
⠀ Оқырмандардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, өмірді қадірлей білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп , айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету мақсаты көзделген.
⠀Іс-шара барысында оқырмандар өмірде бастан өтетін көптеген жағдайларға байланысты сұрақтарға жауап беріп, ойталқыға салып, өз ойларын ортаға салды. Өмірге деген құштарлығы мен бақытты сәттері бейнеленген фото көрме ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=544#sigProGalleriae1706deea9
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларын өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында облыстық байқау ұйымдастырылды.
⠀ 2017ж – Ескен Елубаевтың, 2018ж – Сұлтан Қалиевтың, 2019 ж – Пернебай Дүйсенбиннің шығармашылықтары бойынша өткізілсе, 2021 ж - «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты – Әлдихан Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды.
⠀ Байқауға жас ерекшеліктеріне қарай 8-12 жас аралығындағы аудандық іріктеу кезеңінде жолдама алған 10 оқырман қатысты.
⠀Байқауға арнайы шақырылған қонақтар – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары – Мадиева Сара Қабылбекқызы, сатирик-ақын, Әлімқұл Бақытжан Советұлы, жас ақын-жазушы Шапағат Әбдір, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс шараларды өткізетін облыстық орталығының педагог-ұйымдастырушысы Қасымова Жібек Жұмабековна төрелік етті.
⠀Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені – Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Ешназар Гүлдария, І орынды Сарысу ауданы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Сеңгірбай Мұқағали, ІІ орынды –Т.Рысқұлов ауданы «Қорағатты шағын орталықты» орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жорабек Айшуақ, ал ІІІ орын – Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Еркін Аружан иеленді.
⠀ Байқауды ұйымдастырушылар мен сарапшылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, қатысушылар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=544#sigProGalleria6128670ca1
Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық кітапханаларында көптеген іс-шаралар мен кітап көрмелері ұйымдастырылып, акция мен таңдаулы авторлар, олардың кітаптары туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары оқырмандар назарына ұсынылады.
Осыған орай Төле би атындағы № 8 мектеп-гимназиясы оқырмандарының қатысуымен «Өнер-білім бар жұрттар» дауыстап оқу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандар Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныса отырып, әңгімелерінің мағынасын ашып, өлеңдерін дауыстап оқыды. Іс-шара соңында оқырмандарға сұрақтар қойылып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=544#sigProGalleriadb278bd7be