детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 36 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1032732
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
49
262
3298
1950
8322
1010257
1032732
Ваш IP: 18.188.219.207
Время на сервере: 18-05-2024 05:07:37

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларын өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында облыстық байқау ұйымдастырылды.

⠀ 2017ж – Ескен Елубаевтың, 2018ж – Сұлтан Қалиевтың, 2019 ж – Пернебай Дүйсенбиннің шығармашылықтары бойынша өткізілсе, 2021 ж - «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты – Әлдихан Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды.

⠀ Байқауға жас ерекшеліктеріне қарай 8-12 жас аралығындағы аудандық іріктеу кезеңінде жолдама алған 10 оқырман қатысты.

Байқауға арнайы шақырылған қонақтар – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары – Мадиева Сара Қабылбекқызы, сатирик-ақын, Әлімқұл Бақытжан Советұлы, жас ақын-жазушы Шапағат Әбдір, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс шараларды өткізетін облыстық орталығының педагог-ұйымдастырушысы Қасымова Жібек Жұмабековна төрелік етті.

Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені – Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Ешназар Гүлдария, І орынды Сарысу ауданы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Сеңгірбай Мұқағали, ІІ орынды –Т.Рысқұлов ауданы «Қорағатты шағын орталықты» орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жорабек Айшуақ, ал ІІІ орын – Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Еркін Аружан иеленді.

⠀ Байқауды ұйымдастырушылар мен сарапшылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, қатысушылар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1398-lemdi-kitap-ar-yly-tanimyn-2021.html#sigProGalleria6128670ca1
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру