Қазақстан сәулетшілер одағының төрағасы, профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі, мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы және бірнеше ірі ғимараттардын, 20 монумент пен ескерткіштің авторы Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың туғанына 90 жыл толуына орай кітапханада ақпараттық парақ таратылып, көрме ұйымдастырылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=464#sigProGalleriae991fed013
Жастар арасындағы діни ағымдар мен эстремизмге, терроризмге қарсы тәрбиелеу мақсатында «Діни экстремизм – қатерлі құбылыс» кездесу кеші Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы, діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің инспекторы Сарсенбаев Арман Аділұлы қатысып, оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Экстремизмнің мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін еш нәрседен қаймықпайды. Күш, қару қолдану арқылы, дін атын бүркемелеп, заңдарды аяққа таптап, негізгі ойларын жүзеге асыруға тырысатындығын түсінікті де мәнді жеткізді.
«Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=464#sigProGalleriabdfeb3dc94
Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Мен оқыған кітаптар» әдеби талғам іс-шарасы өткізілді.
ЮНЕСКО-ның шешімімен 1972 жыл – «Халықаралық кітап жылы» аталған, ал 1995 жылдан бастап «23 сәуір – Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресей, Германия, Америка және басқа шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде.
Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу, кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлық жоғары деңгейде.
Төле би атындағы №8 гимназияның оқырмандарына әдеби кітаптар мен оқулықтар оларға білім көзі, рухани қазына екені түсіндіріліп, кітап арқылы мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен таныса алатындары айтылды.
Кітапханашы жаңадан келіп түскен әртүрлі жанрдағы кітаптарды таныстырып, «Кітап білімдеріңді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аласыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ» - деп өз сөзін қорындылады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=464#sigProGalleriaac8cd0b2bd
Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқырмандар бойына адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерді дарыту, ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеу мақсатында Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен телекөпір арқылы «Ахмет тағылымы» тақырыбындағы тарихи танымдық кеш өткізілді.
Іс-шарамыздың қонағы Кенен Әзірбаев атындағы филармонияның күйшісі, сазгер композитор танымал айтыскер Басықараев Дидар Ахмет Байтұрсыновқа арнап арнау орындады, №49 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің «Драма» үйірмесінің оқушылары «Ұстаз ұлағаты» тақырыбында оқырмандарымызға қысқаша көрініс қойды. Қойылым соңында «Ұстазым» әнімен жалғасып «Ұлт рухының кемеңгері» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырылды. Түркістан облыстық балалалар кітапханасының тұрақты оқырмандары А. Байтұрсыновтың аудармаларымен өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=464#sigProGalleria641532b92c