Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1285001
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
293
266
739
3783
14297
1233985
1285001
Ваш IP: 216.73.216.145
Время на сервере: 18-06-2025 17:15:43

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Мен оқыған кітаптар» әдеби талғам іс-шарасы өткізілді.

ЮНЕСКО-ның шешімімен 1972 жыл – «Халықаралық кітап жылы» аталған, ал 1995 жылдан бастап «23 сәуір – Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресей, Германия, Америка және басқа шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде.

Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу, кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлық жоғары деңгейде.

Төле би атындағы №8 гимназияның оқырмандарына әдеби кітаптар мен оқулықтар оларға білім көзі, рухани қазына екені түсіндіріліп, кітап арқылы мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен таныса алатындары айтылды.

Кітапханашы жаңадан келіп түскен әртүрлі жанрдағы кітаптарды таныстырып, «Кітап білімдеріңді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аласыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ» - деп өз сөзін қорындылады.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1480-23042022.html#sigProGalleriaac8cd0b2bd
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz