Өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, рухани мәдениетімізді насихаттау мақсатында «2022 жыл – Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» мерекелік ертеңгілігі ұйымдастырылды.
⠀Мерекелік кешті 4-ші сынып оқушылары Бақытжан Жаннұр мен Нұрлан Дулат балаларға арналған өлең шумақтарымен салтанатты түрде ашып, ортаға кітап әлемінің патшайымын шақырды. Мерекелік шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы балаларды құттықтап жылы лебізін білдірді. «Дарын» студиясының вокалдық өнерімен ашылып, биімен жалғасты. «Кітап әлемінің Патшайымы» кітап әлемінің үш алаңын таныстырып, кеш қонақтарына «Шығыстың сиқырлы әлемі», «Кейіпкерлер ғаламшары» және «Балалық шақ бағдаршылары» әлеміне саяхат жасады. «Шығыстың сиқырлы әлемінде» Жасмин мен сиқыршы Жын викториналық ойындар ойнатып, квест шешті.
⠀«Кейіпкерлер ғаламшары» әлемінде Қарақшы Джектің жұмбақтарын шешіп, арқан арқылы кемесін құтқарып Күлбике қыздың шиша аяқ киімін тапты.
⠀«Балалық шақ бағдаршылары» әлемінде Бэтман мен Өрмекші адам жіпке оралған жасырын сөздерді кубиктегі әріптерден құрап тауып, сонымен қатар балалар кейіпкерлермен бірге флешмоб билеп, тик ток әуендермен жарысты. Әр әлемде балаларға арналған 3D, дыбыстық, панорамалық, комикс және т.б. кітаптар мен журналдардан көрмелер ұйымдастырды.
Мереке соңында барлық балаларға балмұздақтар, сусындар таратылып, «Мен бақытты баламын» деп жазылған шарлар таратылды.
⠀«Дарын» өнер студиясы, №13 бөбекжай бақшасының балалары, мектеп оқушылары, тұрақты оқырмандар мен ата-аналар мерекелік ертеңгілікке қатысты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=440#sigProGalleriae419d9ab2e
ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады.
Әкімшілік жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ.
Бұл күні қуған-сүргін құрбандарына бүкіл ел бабалар рухына тағзым етеді. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарын ұмытпауы тиіс.
Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау мақсатында «Зұлмат жылдар зобалаңы» кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=440#sigProGalleriae5ad38d3ee
2022 жыл – «Балалар жылы» аясында өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, рухани мәдениетімізді насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Оқитын өңір» республикалық online байқауына облыстар көлеміндегі кітапхана оқырмандары үлкен қызығушылықпен қатысып, байқау өз мәресіне жетті.
Байқау 12-16 жас аралығындағы оқырмандарға 25 қаңтар айынан 25 мамыр айы аралығында әлеуметтік желіге жарияланды.
Байқау үш номинация бойынша өткізілді.
1-орын "Ең үздік пікірдің авторы" номинациясы бойынша БҚО, Орал қаласынан қатысқан Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студенті Рамазан Перизат Жұмабайқызына берілді.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Самат Ернұр "Зерделі оқырман" номинациясы бойынша атанып 2-орынды иеленді.
3-орынды Жамбыл облысынан қатысқан Жамбайбекова Мөлдір Қайратқызы "Кітапхана досы " номинациясына ие болды.
Жеңімпаздар анықталып, алғыс хаттармен және оқырман өзінің жеке кітапханасын қалыптастыру мақсатында Абайдың, Б.Соқпақбаевтың, «Тараз өлкесі» кітабы, Ә.Нұршайықовтың, Ш.Мұртазаның, «Балалар поэзиясының антологиясы» кітабы тағы басқа көркем әдебиеттер тарту етілді.
Байқауға қатысқан басқа да үміткерлер ынталандыру марапатына ие болды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=440#sigProGalleriad5aeb3e2fd
2022 жылдың 25- ші мамыр күні Сарысу ауданында заманымыздың заңғар тұлғасы, қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, қарапайымдылығымен терең-білім, ақыл парасатымен дараланған ұлы адам Д. А. Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өткізілген ФОРУМҒА Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының атынан директорың орынбасары С Лесбаев Сайлаубек Ермекбайұлы қатысып "Д.Қонаев Ғасырдың дара тұлғасы" тақырыбында баяндамасы тыңдалды.
Шара қорытындысы бойынша, баяндаманың құндылығына ерекше тоқталып, үздік баяндама танылып Сарысу ауданы әкімінің атынан "АЛҒЫС ХАТ" және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып қайтты.
Адамилық пен парасат биігінен көрінген, ел игілігі жолында саналы ғұмырын қазақ елінің болашағына арнаған Димаш атамыздың өмірін насихаттау біз үшін ұлық міндет.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=440#sigProGalleriaec143de8c9