детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1031657
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
82
2141
2223
1950
7247
1010257
1031657
Ваш IP: 3.144.154.225
Время на сервере: 14-05-2024 11:41:46

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, рухани мәдениетімізді насихаттау мақсатында «2022 жыл – Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» мерекелік ертеңгілігі ұйымдастырылды.

Мерекелік кешті 4-ші сынып оқушылары Бақытжан Жаннұр мен Нұрлан Дулат балаларға арналған өлең шумақтарымен салтанатты түрде ашып, ортаға кітап әлемінің патшайымын шақырды. Мерекелік шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы балаларды құттықтап жылы лебізін білдірді. «Дарын» студиясының вокалдық өнерімен ашылып, биімен жалғасты. «Кітап әлемінің Патшайымы» кітап әлемінің үш алаңын таныстырып, кеш қонақтарына «Шығыстың сиқырлы әлемі», «Кейіпкерлер ғаламшары» және «Балалық шақ бағдаршылары» әлеміне саяхат жасады. «Шығыстың сиқырлы әлемінде» Жасмин мен сиқыршы Жын викториналық ойындар ойнатып, квест шешті.

«Кейіпкерлер ғаламшары» әлемінде Қарақшы Джектің жұмбақтарын шешіп, арқан арқылы кемесін құтқарып Күлбике қыздың шиша аяқ киімін тапты.

«Балалық шақ бағдаршылары» әлемінде Бэтман мен Өрмекші адам жіпке оралған жасырын сөздерді кубиктегі әріптерден құрап тауып, сонымен қатар балалар кейіпкерлермен бірге флешмоб билеп, тик ток әуендермен жарысты. Әр әлемде балаларға арналған 3D, дыбыстық, панорамалық, комикс және т.б. кітаптар мен журналдардан көрмелер ұйымдастырды.

Мереке соңында барлық балаларға балмұздақтар, сусындар таратылып, «Мен бақытты баламын» деп жазылған шарлар таратылды.

«Дарын» өнер студиясы, №13 бөбекжай бақшасының балалары, мектеп оқушылары, тұрақты оқырмандар мен ата-аналар мерекелік ертеңгілікке қатысты.

Кликните, чтобы увеличить изображение 001.jpg

Кликните, чтобы открыть изображение!

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1507-lkeni-g-l-zhajna-an-bal-yndary.html#sigProGalleriae419d9ab2e
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру