Оқырмандарға тұлғаның өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек түсінік бере отырып, тәрбиелік мәні мен оның тарихын таныстыру, елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу мақсатында Шерхан Мұртазаның - 90 жыл толуына орай, «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану» орталығында «Алдаспандай жарқыраған сайып қыран» еске алу кеші ұйымдастырылды.
Іс-шарада Шерхан Мұртазаның қанатты сөздері мен арнауларын кітапхана қызметкерлері нақышына келтіріп орындаса, жас оқырмандарымыз өлеңдерінен үзінді оқып, жас ақын Дидар Аппазов жазушыға арнауын арнады. Еске алу кешіне арнайы шақырылған қонақтарымыз – Бекет Момынқұлов пен Ақылжан Мамыт Қорғанбайұлы жазушының жүріп өткен жолдарын, қазақ әдебиеті мен журналистикасында өшпес із қалдырғанын, қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүргенін айтып өтті. Тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян ұсынылды. «Дәуірдің дара тұлғасы» атты көрме жасалып, таныстырылды. Іс-шара «Аты аңызға айналған дара тұлға» атты сұрақ-жауаппен қорытындыланып, оқырмандар өздеріне қажетті мәлімет ала отырып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=408#sigProGalleria06ec290b60
5 қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл-достықтың тірегі» тақырыбында (Эрудит шоу) іс- шара ұйымдастырылды.
Мұндағы мақсатымыз, оқырмандардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ тілін ұлттар арасында дамыту мен насихаттау, қазақ мәдениеті мен дәстүрін насихаттау, көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымағын қалыптастыру, жас буынды өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметін дамыту.
Іс-шара барысында, Тіл мерекесі тарихы туралы ақпарат берілді. 8 сынып оқушыларымен «Жедел жауап», «Сөз мәйегі - мақал», «Полиглот», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты ойын, сұрақ-жауаптар, пікір таластар өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, қажетті ақпараттар алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=408#sigProGalleria04731274ce
«Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні» мерекесіне орай Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында «Ұлттың қуаты – тіл» мерекелік ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында оқырмандар кітапханамен танысып тіл туралы қойылған викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысты.
Біздің міндет еліміздің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуіміз керек - деп жастар ашық айта білді.
⠀ «Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі жасалып, библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=408#sigProGalleriac1cbcae5e5
5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» ашық есік күні өтті.
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында №13 бөбекжай бақшасының бүлдіршіндері қатысты. Келген оқырмандар тіл туралы тақпақтарын айтып, көптеген ашылмалы 3Д, 4Д кітаптарымен танысты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=408#sigProGalleriacce74ca7b7