детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 16 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1031699
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
124
2141
2265
1950
7289
1010257
1031699
Ваш IP: 3.145.154.185
Время на сервере: 14-05-2024 17:13:20

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Оқырмандарға тұлғаның өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек түсінік бере отырып, тәрбиелік мәні мен оның тарихын таныстыру, елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу мақсатында Шерхан Мұртазаның - 90 жыл толуына орай, «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану» орталығында «Алдаспандай жарқыраған сайып қыран» еске алу кеші ұйымдастырылды.

Іс-шарада Шерхан Мұртазаның қанатты сөздері мен арнауларын кітапхана қызметкерлері нақышына келтіріп орындаса, жас оқырмандарымыз өлеңдерінен үзінді оқып, жас ақын Дидар Аппазов жазушыға арнауын арнады. Еске алу кешіне арнайы шақырылған қонақтарымыз – Бекет Момынқұлов пен Ақылжан Мамыт Қорғанбайұлы жазушының жүріп өткен жолдарын, қазақ әдебиеті мен журналистикасында өшпес із қалдырғанын, қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүргенін айтып өтті. Тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян ұсынылды. «Дәуірдің дара тұлғасы» атты көрме жасалып, таныстырылды. Іс-шара «Аты аңызға айналған дара тұлға» атты сұрақ-жауаппен қорытындыланып, оқырмандар өздеріне қажетті мәлімет ала отырып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру