Оқырмандардың ой-өрісін, рухани жан дүниесін байыту, сөздік қорын молайту, көркем əдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақ әдебиетінің алыбы» сыр-сандық өтті. Сыр-сандықта жазушының проза, драма, ғылым, аударма саласында жазып қалдырған еңбектерінен жасырылған сұрақтарға оқырмандар қызыға жауап беріп, оның әңгімелері, романдары, пьесаларынан үзінді оқып, оқырмандар өздеріне керекті ақпаратты алды. Көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырған әлемге әйгілі жазушыны дәріптеу – біздің абыройлы міндетіміз деп танимыз.
Жазушының шығармаларына жасалған кітап көрмесімен таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=396#sigProGalleria940932a9dd
«Kitap Time – 2022» кітап фестивалін бір мезгілде барлық өңірлерде өткізу акциясы аясында «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай «AulieataMedia» ЖШС ұжымымен «Кітап-сарқылмас рухани әлем» тақырыбында буккросинг өтті.
Кітапхананың кіреберіс дәлізінде күй ойнатылып, ұлттық киім киген балалар кеш қонақтарын салтанатты түрде қарсы алды. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Мәдиева Сара Қабылбекқызы алғы сөз айтып, құттықтады. «Шабыт» балалар би студиясы көркем бимен іс-шараның кіріспесін толықтырса, кітапханашылар дайындаған «Ғасыр жүгін арқалаған басылым», «Көркем сөздің жұлдыздары» өлкеміздегі тілшілеріміздің тыныс тіршіліктерін, өнегелі өмір жолдарын насихаттайтын бейнебаян ұсынылды.
Сұхбат айдарында қонақтарымыз оқырмандарға жылы лебіздерін білдіріп, ізгі ниетпен өз шығармаларын кітапханаға тарту етті. Тарту етілген шығармалар тек өңір қаламгерлерінен ғана емес, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің жеке фотографы Шүкір Өмірұлы Шахай «Астана Қазақстанның жүрегі», «Тәуелсіздік» атты кітаптарын «AulieataMedia» ЖШС-і басшысының орынбасары Қазыбаев Алпамыс табыс етті.
Іс-шараға келген жас тілшілер (білімгерлер) қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. «Aq jol» газетінің 100 жылдығына арналған инсталляция мен кітап көрмесіне шолу жасалды. Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының балалары қонақтарға арнап өлең шумақтарынан жыр төксе, мың бұралған бишілер биден шашу шашып, әндер орындады.
-
Кеш қонақтары: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары - Мәдиева Сара Қабылбекқызы
«AulieataMedia» ЖШС холдингінің директор орынбасары - Қазыбаев Алпамыс
- «Aq jol» газетінің бас редакторы - Хамит Есаман;
- «AulieataMedia» ЖШС ұжымының қызметкерлері:
- Марат Құлибаев, «Эканомика» бөлімінің меңгерушісі
- Амангелді Әбіл. Шолушы
- Алтынбек Қартабай «Арай» газетінің фото тілшісі
- Гүлжан Рахман, «Әлеумет» бөлімінің меңгерушісі
- Қамар Қарасаева, тілші
- Шапағат Әбдір , тілші
- Жарлықасын Дәулетов «Знамя труда» газетінің шолушысы
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=396#sigProGalleria881aaa1ec2
22 - қыркүйек «Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні» мерекесіне орай, оқырмандарды өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, өз тілін жетік біліп, құрметтеуге, өзге тілді білу үлкен жетістік екенін ұғындыру мақсатында «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір...» тақырыбында викториналық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында «Жасөспірімдерді тәрбиелеу орталығының» оқырмандары кітапханаға экскурсия жасап, Д.А.Қонаевтың мерейтойына арнайы жасалған «Ғасырдың – дара перзенті» көрмесімен танысты. Мақал-мәтелдерді жалғастырып, тіл туралы қойылған викториналық сұрақтарға жауап берді.
Белсене атсалысқан оқырмандарға кітапхана атынан кішігірім кәде сыйлар ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=396#sigProGalleria65bfbb641a
Қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР - ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туылғанына 125 толуына орай «Әлемге әйгілі Әуезов» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде оқырмандарға әдебиеттің асқары іспеттес тұлғаның өмірі де, өзі де дара, дана екендігі туралы айтылды. М. Әуезов - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуары. XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі - Мұхтар Әуезов болып табылады.
Оқырмандар көрмемен жақын танысып, өздеріне керекті ақпарат алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=396#sigProGalleriaf32f966aa8