детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1027549
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
65
158
3728
1593
3139
1010257
1027549
Ваш IP: 18.117.107.90
Время на сервере: 06-05-2024 08:28:58

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Kitap Time – 2022» кітап фестивалін бір мезгілде барлық өңірлерде өткізу акциясы аясында «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай «AulieataMedia» ЖШС ұжымымен «Кітап-сарқылмас рухани әлем» тақырыбында буккросинг өтті.

Кітапхананың кіреберіс дәлізінде күй ойнатылып, ұлттық киім киген балалар кеш қонақтарын салтанатты түрде қарсы алды. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Мәдиева Сара Қабылбекқызы алғы сөз айтып, құттықтады. «Шабыт» балалар би студиясы көркем бимен іс-шараның кіріспесін толықтырса, кітапханашылар дайындаған «Ғасыр жүгін арқалаған басылым», «Көркем сөздің жұлдыздары» өлкеміздегі тілшілеріміздің тыныс тіршіліктерін, өнегелі өмір жолдарын насихаттайтын бейнебаян ұсынылды.

Сұхбат айдарында қонақтарымыз оқырмандарға жылы лебіздерін білдіріп, ізгі ниетпен өз шығармаларын кітапханаға тарту етті. Тарту етілген шығармалар тек өңір қаламгерлерінен ғана емес, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің жеке фотографы Шүкір Өмірұлы Шахай «Астана Қазақстанның жүрегі», «Тәуелсіздік» атты кітаптарын «AulieataMedia» ЖШС-і басшысының орынбасары Қазыбаев Алпамыс табыс етті.

Іс-шараға келген жас тілшілер (білімгерлер) қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. «Aq jol» газетінің 100 жылдығына арналған инсталляция мен кітап көрмесіне шолу жасалды. Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының балалары қонақтарға арнап өлең шумақтарынан жыр төксе, мың бұралған бишілер биден шашу шашып, әндер орындады.

    Кеш қонақтары: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары - Мәдиева Сара Қабылбекқызы «AulieataMedia» ЖШС холдингінің директор орынбасары - Қазыбаев Алпамыс
  • «Aq jol» газетінің бас редакторы - Хамит Есаман;
  • «AulieataMedia» ЖШС ұжымының қызметкерлері:
  • Марат Құлибаев, «Эканомика» бөлімінің меңгерушісі
  • Амангелді Әбіл. Шолушы
  • Алтынбек Қартабай «Арай» газетінің фото тілшісі
  • Гүлжан Рахман, «Әлеумет» бөлімінің меңгерушісі
  • Қамар Қарасаева, тілші
  • Шапағат Әбдір , тілші
  • Жарлықасын Дәулетов «Знамя труда» газетінің шолушысы

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1552-kitap-sar-ylmas-rukhani-lem-bukkrosing.html#sigProGalleria881aaa1ec2
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру