Жастарға ерлік пен елдік ұғымдарының мәнін түсіндіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихи тұлғалардың өнегесін үлгі ету мақсатында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Б. Момышұлы атындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернаты оқушыларының қатысуымен "Ерлік пен елдік" атты ашық пікір өткізілді.
Іс-шара барысында қазақ тарихында ерлік пен елдіктің жарқын үлгісін көрсеткен батырлар туралы пікір алмасып, бүгінгі Отан қорғаушылардың да патриоттық рухы туралы айтылды, курсанттар сапқа тұрып өлеңдер оқыды, ән шырқады.
Тақырыпқа сай жасалған кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге «Айбын» энциклопедиясы, А.Тасболатов пен Қ.Аманжоловтың «Қазақстанның әскери тарихы» және басқа да Қазақстан қарулы күштерінің тарихы және қазіргі жағдайы тақырыбын ашқан кітаптары мен мерзімді басылым беттерінде жарық қөрген мақалалар қойылды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://jobjk.kz/kz/?start=36#sigProGalleriaafc174c374
Жас ұрпаққа өнегелі өмір жолы мен рухани қазынаға толы шығармашылығын насихаттау, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру және көркем сөзге құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан, әлем ақындарының жырларын қазақ тіліне аударған көрнекті ақын Жақан Сыздықовтың - 125 жыл толуына орай “Өлеңмен өрнектелген өмір” әдеби сағат өткізілді.
Іс-шараға Керімбай атындағы №12 мектеп оқушылары қатысып, ақынның балалық шағынан бастап шығармашылық жолына дейін мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, Жақан Сыздықовтың қазақ поэзиясындағы орны, оның елдік рухты, адамгершілік қасиеттерді дәріптеген өлеңдерінің тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараның танымдық бөлігінде оқушылар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар өз білімдерін ортаға салды. Кітап көрмесіне шолу жасалынды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://jobjk.kz/kz/?start=36#sigProGalleriaa56b542aa7
«Заң және тәртіп» жобасы аясында жастарды зиянды әдеттердің қоғамға және жеке денсаулыққа зиян келтіретіндігін түсіндіру, зардаптары туралы ақпарат беру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жастар және зиянды әдеттер» ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында №20 орта мектептің оқырмандарына салауатты өмір салтының пайдасы, зиянды әдеттердің (вейп, есірткі, құмар ойындар), есірткі заттардың жас ағзаға тигізер зиянды әсері мен адам өміріне аса қауіптілігі, келешек өмірлеріне келтірер кесірі туралы түсінік берілді. Оқырмандарды сақтану жолдарын дұрыс таңдап, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу үшін «Жоғалған әріптер», «Мақал-мәтелді толықтыр» ойындар мен «Денің сау болсын десең...» тренингі ойнатылды. Сондай-ақ, арнайы жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://jobjk.kz/kz/?start=36#sigProGalleria9ad6e812bf
Жас ұрпаққа өнегелі әңгімелері арқылы ғибрат қалдырған, қазақ халқының рухани жаңғыруына, білім мен ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті қазақ ағартушысы, ұстаз, жазушы Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын насихаттау мақсатында 125highschool мектебінің оқырмандарымен «Әдеби толқын» оқырман клубының кезекті отырысы өткізілді.
Клуб отырысында оқырмандар ағартушының тағылымы мол әңгімелерін оқып, олардың тәрбиелік мәні мен өмірлік маңызын кеңінен талқылады. Оқырмандар өз ойларын ортаға салып және шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, әдеби пікір алмасу ұйымдастырылып, сұрақ-жауап арқылы оқырмандардың таным көкжиегі кеңейе түсті.
Шара барысында Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек» сынды ғибратты әңгімелері жан-жақты талданды.
«Әдеби толқын» оқырман клубының бұл отырысы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық әдеби мұраға деген құрметін нығайтты. Тағылымға толы туындылар арқылы жас оқырмандар рухани азық алып, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиеленді.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://jobjk.kz/kz/?start=36#sigProGalleria0c8c495685






