21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Кел, балалар оқылық!» тағылымды көрме-инсталляциясын ұсынды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://jobjk.kz/kz/?start=28#sigProGalleria24051a3faa
Бұл жолғы көрменің басты ерекшелігі — заманауи цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуында болды. Кітапханашылар музейге келушілерге «Big dream» арнайы мобильді қосымшасының көмегімен кітап беттеріндегі динозаврларды 3D-анимация арқылы «жандандырып» көрсетті. Балалар мен жастар ежелгі дәуір алыптарының түрлерін, олардың мекендеген ортасы мен басты ерекшеліктерін үшөлшемді кеңістікте тамашалады.
Сонымен қатар, кеш қонақтары кітапхананың «Top IQ Mobile book» платформасымен танысып, ежелгі дәуір шежіресінен сыр шертетін танымдық бейнероликтерді тамашалады. Дәстүрлі кітап пен заманауи технология тоғысқан бұл көрме «Музей түнінің» ең көп адам жиналған және жоғары қызығушылық тудырған алаңдарының біріне айналды.
Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын, жазушы, лингвист-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменовтың 90 жылдық мерейтойына орай ақынның бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, оның шығармашылығы мен ғибратты өмір жолын жас буынға таныстыру, жастардың отандық әдебиет пен тарихқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Макаренко атындағы орта мектеп оқырмандарына «Олжас Сүлейменов - ақын, қайраткер, тұлға» атты информина ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында О. Сүлейменовтың тек поэзия әлеміндегі емес, ғылым мен жаһандық саясаттағы бірегей тұлғасы ашып көрсетілді. Әсіресе, оның түркітану ғылымына төңкеріс әкелген «Аз и Я» атты зерттеу еңбегінің жазылу тарихы мен қоғамға жасаған ықпалы туралы терең ақпарат берілді. Бұдан бөлек, ақынның жетекшілігімен құрылған, әлемді ядролық қауіптен құтқаруда үлкен рөл атқарған «Невада – Семей» халықаралық қозғалысының тарихи маңызы сөз болды.
Оқырмандар назарына ұсынылған арнайы жасақталған кітап көрмеге ақынның алтын қордағы поэзиялық жинақтары, әлем тілдеріне аударылған шығармалары және оның халықаралық деңгейдегі жоғары марапаттары қойылды.
http://jobjk.kz/kz/?start=28#sigProGalleriafbeb403e56
«Шабыт» арт-студиясының қызықты шығармашылық іс-шарасы ұйымдастырылды. №13 бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндерімен түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып, ғаламшарлардың бейнесін жасап, өз қиялдарын шығармашылықпен ұштастырды.
Шара барысында бүлдіршіндер қағазды қиып, жапсырып, әр бөлшекті ұқыптылықпен құрастыру арқылы ерекше ғарыш әлемін жасады. Әр бала өзіне ұнаған ғаламшарды таңдап, оған түрлі түс беріп, ерекше сәндеді. Сонымен қатар, балалар ғарыш әлемі туралы қызықты мәліметтермен танысып, «ғарышқа саяхат» жасағандай әсер алды.
«Шабыт» арт-студиясының балалары шығармашылық қабілетін дамытып, өнерге деген қызығушылығын арттыра түсті.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://jobjk.kz/kz/?start=28#sigProGalleria01adda0253






