Оқырмандарға мамандық таңдау, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында «125 High shcool» білім беру орталығында №49 орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен лицейлер апталығының қорытынды күні өтті.
Мектеп түлектеріне қаламыздағы «125 High shcool» білім беру орталығының профориентолог маманы Асқарқызы Дана арнаулы оқу орнының құрылу тарихынан бастау алып, мектеп түлектерінің емтихандарға қатысуға, сегізінші сыныптан кейін емтихан тапсырып өтуге болатынын айтып, толық ақпарат берді.
Іс-шара соңында оқу орнына таныстырылым жасап, сергіту ойындарын ойнатып, жарнама парақшаларын таратты.