«Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында университеттер апталығының төртінші күндігінде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті онлайн кездесуге қатысты.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Айгерім Аскаровна оқу орнының құрылу тарихынан бастау алып, медициналық университеттің оқыту деңгейлеріне тоқталып өтті.
Бүгінде еліміздегі ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан медициналық университеттердің бірі, жоғары медициналық білім беру саласында жоғары беделге, білім беру қызметтерін көрсетуде де, медицина ғылымы мен клиникалық қызметті дамытуда да өзіндік дәстүрлері бар оқу орны екендігін айтты.
Zoom платформасы арқылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің жоғары курс студенттері, Тараз мамандандырылған колледж студенттері және Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 11 сынып оқушылары тікелей эфирде өздеріне қажет барлық мәліметтерді алып, сұрақтарына жауап алды.
-
Апталық кестесі қосымшада көрсетіледі.
- 10.02.2023ж Сүлейман Демирел университеті