Өскелең ұрпақты елін, жерін, Отанын қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу, ұлтжандылыққа баулу, туған жерін қорғау жолында құрбан болған ерлеріміздің ерен ерліктерін насихаттау мақсатында «Ұлы жеңіске тағзым» атты патриоттық кеш өткізілді.
Кеш барысында Ұлы Отан соғысының басталуы туралы бейнеролик көрсетіліп, соғыстың басталуы, сұрапыл соғысқа елімізден аттанған азаматтар, соғыс ардагерлері жайлы көптеген ақпарат берілді.
Бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымыз бір сәт үнсіздікпен еске алынды.
Іс-шарада С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 5 сынып оқушылары майдангерлер туралы өлең шумақтарын оқып, Мәншүк Мәметованың монологін оқыды.
"Тамаша" өнер дамыту орталығының оқушылары «Отан», «Халқым-ай» сынды патриоттық әндерді шырқаса, №35 «Ер Төстік» бөбекжай бақшасының бүлдіршіндері «Қазақстан» әнін орындады.
Кеш соңында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=96#sigProGalleria398e7bf3a1
Оқырмандарға сөз өнері мен саз өнерінен қонған қасиетті қатар ұстап, қылқаламын жанына серік еткен біртуар тұлға, оның «Еділ мен Жайығы» жүректерде сақталып, «Жайлаукөл кештері» көптің көңілінде қалғанын, «Асылым» мен «Әселім» атты әндері - әуезі бөлек, тарихы ерек дүниелер екенін, бұдан бөлек 200 әннің сазын жазған, әдебиетте қолтаңбасы қалған Илья Жақановтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру мақсатында №62 орта мектептің 5-6 сынып оқырмандарының қатысуымен Ілия Жақановтың туған күніне орай «Дарынды композитордың дара жолы» караоке кеші өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандар Ілия Жақановтың өмірі және шығармашылығымен танысып, әндері орындалып, «Қазақ өнерінің жанашыры» кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=96#sigProGalleria360f213e11
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Міне, осындай өнегелі тәрбиені өскелең ұрпаққа ұғындыру мақсатында кітапхана оқырмандары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Өнегелі ұрпақ» тақырыбында қарттардың аулаларын тазалап, қоқыстарын шығарды.
CommentsКөпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «MART»сауда-ойын кешенінде 1 мамыр Халықаралық Ынтымақ күніне орай «Бейбітшілік – ел тірегі» этно кеш өткізді.
Этно-кеште қалалық білім бөліміне қарасты орта мектептерінен қазақ, өзбек, орыс, француз, грузин ұлт өкілдері өз ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеді. Əр ұлттың өнері мен əн-билерін қала тұрғындары тамашалады.
Этно кеште қалалық білім бөліміне қарасты қалалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері мен кітапхананың жас оқырмандары этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттап, дәріптеді. Кеште «Шабыт» би ансамблі, «Веснушки» ансамблі өнер көрсетіп, ән шырқалды.
Кеш соңында «Достық – шырағымыз» атты кітап көрмесі ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=96#sigProGalleriae14089c572