Қайсар рухты, батыр болмысты биік тұлғалардың бірі – Кеңес Одағының батырлары, халық қаһармандары Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай өскелең ұрпақты қаһарман жауынгерлердің теңдессіз де жанқиярлық ерліктеріне, өшпес рухтарына тағзым етіп, оларды мәңгілікке сақтау мақсатында «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» тарихи баспалдақ іс-шарасы «Даңқ» залында өткізілді.
Мерейтой иелерінің ерлігі мен өмір жолымен туралы бейнебаян көрсетіліп, Тараз инновациялық көпсалалы колледж білімгерлерінің «Ел қорғаны - Рахымжан» көрінісі қойылды. №33 орта мектебінің 5 сынып оқушылары Жеңіс туралы жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. Кітапхана қызметкері Сағатбекова Нұргүл «Әлия» әнін орындады. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлім оркестрінің сүйемелдеуімен солист ефрейтор Ибраимов Алпамыстың орындауында «Алға қазақ жігіттері», «Елдің қорғаны» композияларымен аяқталды.
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=92#sigProGalleria920f284ba5
Жас ұрпақты Отанын сүюге, оны қорғауға баулу мақсатында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай №13 бөбекжай бақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Елін қорғау – ерге серт» тақырыбында патриоттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында патриоттық рухтағы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=92#sigProGalleria8c39bfb9e3
«Үлкенге 100 сұрақ» жобасының кезекті қонағы әрдайым өзінің өнерімен өлкемізді жырға бөлеген Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ оркестрінің әртісі, күйші-композитор Басықараев Дидар мырза.
CommentsЖасөспірімдерге патриоттық рухта тәрбие беру мақсатында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты сұрақ-жауап көрмесі ұсынылды.
Көрмеге «Айбын» энциклопедиясы, А.Тасболатов пен Қ.Аманжоловтың «Қазақстанның әскери тарихы» және басқа да Қазақстан қарулы күштерінің тарихы және қазіргі жағдайы тақырыбын ашқан кітаптары мен мерзімді басылым беттерінде жарық қөрген мақалалар қойылды.
Ұсынылған кітаптардан оқырмандар әскерге шақырту ережелері мен азаматтардың міндеттеріне қатысты сұрақтарына жауап алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=92#sigProGalleria9e39bf7792