Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әрқашан күн сөнбесін!» мерекелік кеш өтті.
Мерекелік кеш «Шабыт» би ансамблі мен «Ару» би студиясының би шашуымен ашылды.
Кеш барысында №62 орта мектептің оқырмандары, «Ұста-Групп» ЖШС Бүркітәлі орта мектебінің өнерпаздары ән орындаса, сиқыр әлемімен таң қалдыратын «Сиқыршы» өз өнерлерін көрсетті. Алдар көсе, Қалқаңқұлақ, Қаңбақ шал ертегі кейіпкерлері балалармен «Кім тапқыр» және «Әріптер сөйлейді» интеллектуалды ойын жүргізіп, би биледі.
Белсене қатысқан оқырмандарға Алғыс хат беріліп, балмұздақтар мен сыйлықтар таратылды.
Кеш соңында «Бар мейіріміміз балаларға» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге балалардың қызығушылығын тудыратын қазақ және шетел ертегілері мен танымдық энциклопедиялар қойылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=76#sigProGalleria24dbcf704a
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейімді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Осыған орай оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстырып, жас ерекшеліктеріне байланысты «Жабайы қаздар», «Алтын шашты қыз бен үш аю», «Мейірімді Кейт», «Холли ана: Ағайынды Гриммдер ертегісінің желісі бойынша», «Шөл су ертегілері» ертегілерімен Ш.Құандықтық «Менің атам», Ә.Қалдыбаевтың «Ата», Ролинг Дж. «Гарри Поттер и узник Азкабана» және С.Олжабайұлының «Ғасыр машақары: әзіл-сықақ әңгімелері» кітаптары ұсынылды.
Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, кітаптар оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ем алушылардың ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетіне ризашылықтарын білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=76#sigProGalleriaf7f22c3a5b
«Қаламгер қайраткер» тақырыбында белгілі қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Талас, Жуалы аудандарының Құрметті азаматы, жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулет туралы ақпарат сағаты өтті.
Іс-шара барысында Мақұлбек Рысдәулеттің журналистика саласындағы еңбек жолы, Сарыарқа төрінде қаламын ұштап, кәсіби журналист ретінде шыңдалғаны туралы айтылды. «Egemen Qazaqstan» газетінің облыстағы меншікті тілшісі болғаннан кейін облыстың бас басылымы «Aq jol» газетін басқарып, редакцияға жалынды жастарды жинап, қамқорлық танытқаны, газеттің кескін-келбетін өзгертіп қана қоймай, мазмұнын байытқаны, оқырманға ой саларлық тарихи-танымдық дүниелерге, проблемалық мақалаларға басымдық бергені, ал кейінгі уақытта архив саласындағы еңбектері жайлы ақпарат берілді.
Оқырмандар назарына қаламгердің өмірі жайлы бейнеролик көрсетіліп, прозалық және тарихи-танымдық кітаптарына библиографиялық шолу жасалынды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=76#sigProGalleriaff3d980af2
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жас ұрпақты туған жердің тарихын тану, аудан, ауылдардың әлеуетімен таныстырып, өлкенің туристік имиджін қалыптастыру мақсатында «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте!» облыстық жас зерттеушілер байқауын «Туған өлкем – ғажап, әрі көркем! Туризм табыс көзі» тақырыбында ұйымдастырды.
Байқауға облысымыздың бес ауданынан 14 пен 17 жас аралығындағы жас зерттеушілер туған өңірінің туристтік нысандары туралы зерттеу жүргізіп, толық ақпарат берді.
Байқау материалдары тақырыпқа сай болуы, жаңа технология арқылы көркемделу ерекшелігі, презентация дизайнының деңгейі, тақырыптың жан-жақты ашылуы, өзіндік даралық, жаңашылдық, бірегейлігі мен ерекшелігі бойынша бағаланды.
Қазылар алқасының құрамындағы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының бас маманы Тулекова Салтанат Таирқызы, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының бөлім басшысы Оразқұлова Айгүл Мейманқұлқызы және Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасының директор орынбасары Тұрлығұлова Жанат Қамшыбекқызы қатысушылардың жұмыстарын жан-жақты зерделеп, жоғары бағаларын берді.
Байқау қорытындысы бойынша Сарысу ауданының қатысушысы Сарсенбай Диас «Тарихы терең, фосфорлы жасыл өлкем!» тақырыбында жобасын жоғары деңгейде қорғап І орынды иеленсе, Жамбыл ауданынан келген Үсенбай Жанел «Жамбыл облысының туристік-рекреациялық мүмкінщіліктері және өлкетану жұмыстары» жобасын қорғап, ІІ орын алды. Ал Байзақ ауданының үміткері Егемберді Нұршат «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте!» жобасын жоғары деңгейде ұсынып, ІІІ орынды иеленді. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, естелікке бағалы сыйлықтар алды.
Байқау соңында қонақтарға «Туған жер – тұнған тарих» кітап көрмесіне шолу жасалып, туған жер туралы әндер орындалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=76#sigProGalleria233691d7a4