«Армысың, Әз Наурыз!»
библио-викторина
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының әдет-ғұрпын дәріптеу, ұлттық мәдениетін, фольклорын асылындай ардақтауға тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқырмандарға «Армысың, Әз Наурыз!» тақырыбында библио-викторина өткізілді.
Кітапханашы Наурыз – жыл басы деп түсінік беріп, мерекенің ерекшеліктерімен, көктем мезгілінің тамаша ғажайыптарымен таныстырып, Ұлыстың ұлы күнін халықаралық деңгейде қазақ елі және басқа да елдердің қалай тойланатыны туралы сөз қозғады.
Оқырмандар викториналық сұрақтарға жауап беріп, Наурыздың тарихы, мерекеде көрсетілетін қазақтың салт-дәстүрлері, осы күні дайындалатын ерекше тағам – Наурыз көже туралы білімдерін ұлғайтты. Сонымен қатар, наурыз туралы жырлаған ақындардың өлең шумақтары оқылып, қазақтың ұлттық ойындары ойналды.
Кездесу соңында «Қош келдің, Наурыз!» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=680#sigProGalleriab3d583a725
Кітапхана «Біз біргеміз бәріміз» мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бағдарламасы аясында оқырмандарға адал дос болу, бір-бірін сыйлау, қиындық болса бір үйдің баласындай тату-тәтті, береке-бірлікте болу мақсатында «Мейірім» мектеп-интернаттың 4-сынып оқушыларына «Дос болайық, бәріміз!» тақырыбында әдеби-микс өткізді.
Comments«Ауғанстан – жүректегі жара» ардагерлермен кездесу кеші
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толуына орай оқырмандарды өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Ауғанстан – жүректегі жара» ардагерлермен кездесу кеші өтті. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері Тұрлыбеков Тілеуберген Өксікбайұлы, Сұлтанқұлов Талғат Пірәліұлы және №60 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Алдымен Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, еркіндік пен бейбітшілікті аңсаған азаматтарға бір минут үнсіздік жарияланды.
Comments«Жастар жылы– жасампаздық бастауы»
(Дөңгелек үстел)
Президент 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұл жас қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүкіл еліміз бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданып, бірыңғай іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.
Comments