25 қыркүйек 2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларын өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарлама аясында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, республикалық әдеби конкурстардың алты дүркін, Халықаралық «Дарабоз» конкурсының екі дүркін лауреаты, 2015 жылғы Гран–при иегері, танымал шежіре танушы, Пернебай Дүйсенбиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлемді кітап арқылы танимын» көркем әдебиет туындыларын ең көп оқитын оқырмандар арасындағы облыстық байқау өтті.
Жас ерекшеліктеріне қарай 2 кезеңнен тұратын байқауға 7-10 жасқа дейінгі және 10-15 жасқа дейінгі оқырмандар қатысты.
Қатысушылар төмендегі талаптар бойынша сайысқа түсті:
1. «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын». Сайыскердің өзін таныстыруы (2 мин).
2. «Пернебай Дүйсенбин – балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы». Жазушының балалар өміріне арналған көркем шығармаларынан, повестерінен, ертегілерінен, аңыздарынан, әңгімелерінен үзінділерді жатқа оқу немесе белгілі шығармалары негізінде сахналық үзінді қойылым кою (4 мин).
3. «Портрет галереясы». Портреттегі бейненің кім екенін табу (3 мин).
4. «Әдеби бәйге». Пернебай Дүйсенбин өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру.
Сарапшылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде оқырманның шығарманы таңдау талғамына, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, жан-жақты білімділігіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеттілігіне назар аударды.
Байқау нәтижесі бойынша 7-10 жас аралығында І орынды Жуалы ауданы №1 мектеп-гимназияның 2 сынып оқушысы Бауыржанқызы Мерей, ІІ орынды – Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 5 сынып оқушысы Әубәкір Зәуре, ал ІІІ орын – Талас ауданы Майтөбе ауылы Е.Бекмаханов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Тезекбай Альбина иеленді. Сондай-ақ 10-15 жас аралығында І орын - Сарысу ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Тыныштықбай Елдос, ІІ орын – Жуалы ауданы Т.Әкімов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Шайдулин Тоғжан, ал ІІІ орын – Меркі ауданы №9 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Жақсылық Дианаға бұйырды.
Байқау соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, жазушы өз қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=656#sigProGalleriaf1b0a9bf09
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қайтқан күніне орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, «Ғасырдың дара перзенті» еске алу шарасы өткізілді. Еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан, тұлғаны еске алып, рухына тағзым етуге зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары, оқырмандар жиналды. Жауапты қызметтерді абыроймен атқарған Дінмұхамед Ахметұлы өте парасатты, көреген саясаткер ретінде танылды. Іс-шарада ұлы тұлға жайында сөз сөйлеген ақын, жазушы Қайырбек Асанов пен әнші Бақытжан Шағырбаев Д.Қонаевтың өте кеңпейіл, сабырлы да салмақты, парасатты адам болғанын баса айтты. Мемлекет қайраткерінің өмір жолын терең біліп, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтжандылық сезімін арттыру мақсатында Д.А.Қонаевқа арналған «Ұлтының Ұлы тұлғасы» тақырыбында бейнефильм көрсетіліп, «Ұлы тұлға» бұрышы мен кітап көрмесі таныстырылды.
Соңғы демі таусылғанша елмен емен-жарқын араласып өткен Дінмұхамед Қонаев қазақ жұртшылығының мәңгі есінде.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=656#sigProGalleria015415485f
Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауы мен Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ақын Сағи Жиенбаевтың және жазушы Тобық Жармағанбетовтың 85 жылдық, кітапхананың 40 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми жоба жұмысын өткізеді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=656#sigProGalleriaaa365d4110
6 шілде – Нұр-Сұлтан күні
6 шілде – Нұр-Сұлтан күніне орай кітапханада бүлдіршіндерді кең байтақ Қазақстан жерімен,Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында«Жасай бер, жайна – Нұр-Сұлтан!» сурет салу іс-шарасы мен «Нұр-Сұлтан – бейбітшілік пен келісім мекені»библиоперфоманс ұйымдастырылды.Қатысушылар қазақ жерінің кіндігіне айналған Нұр-Сұлтанның тарихымен танысып, мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныды.Кездесу «Жұлдызды қала – Нұр-Сұлтан!» тақырыбындағы кітап көрмесінің библиографиялық шолуыменаяқталды. КөрмегеЕлорданың тарихымен және мәдени орындарын таныстыратын, ақын- жазушылардың, дара тұлғалардың айтылған тамаша туындылары көрсетілді. Іс-шараға жалпы 88бүлдіршіндер мен тәрбиеленушілер қатысып, кітап көрмесіне 27 басылым қойылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=656#sigProGalleriaa3938bef9f