Бүгін кітапхана қызметкерлері «Jambyl» телеарнасының «Tańǵy time» бағдарламасына қатысып, «Қандай кітап оқуға кеңес бересіз?» тақырыбын ашты. Бағдарлама барысында әріптестеріміз - Дүйсенова Анар мен Сүйінтаева Асылзат, кітапхананың жұмысы туралы, негізгі жобалары мен байқаулар жайлы ақпарат берді.
Сондай-ақ, оқырмандар оқитын сұранысы жоғары кітаптарды таныстырды. Тікелей эфир барысында, көрермендермен байланыс орнатылып, сауалдарына жауап берді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=636#sigProGalleria2b929af1f2
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жастар арасындағы діни ағымдар мен эстремизмге, терроризмге қарсы тәрбиелеу мақсатында «Діни экстремизм қатерлі құбылыс» атты онлайн ашық микрофон өткізілді.
Іс-шараға «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық түсіндіру бөлімінің инспекторы Бекмолдаев Бексұлтан Русланұлы қатысып, оқырмандар қойған сауалдарға жауап берді. Экстремизмнің мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін еш нәрседен қаймықпайтынын, күш, қару қолдану арқылы, дін атын бүркемелеп, заңдарды аяққа таптап, негізгі ойларын жүзеге асыруға тырысатындығын ашық әрі түсінікті жеткізді.
«Діни экстремизм қатерлі құбылыс» атты онлайн ашық микрофон
CommentsҚарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Олар бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсады. Кейінгі буын да өз кезегінде алдыңғы толқын ағалардың салған сара жолын лайықты жалғастырып келеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жоба аясында саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі қарсаңында Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің мүшелерінің қатысуымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кездесу кеші өткізілді. Кеште «Үкілім-ай» би ансамблінің бишілері, Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері өнерлерін көрсетті.
Қонақтар мерекелік бағдарламаға ризашылығын білдіріп, жас ұрпаққа ақ батасын берді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=636#sigProGalleriada0813ef46
Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" арнайы жобасы аясында «Жасырғам жоқ ештеңе өлеңімнен» атты Шырын Мамасерікованың 75 жас мерей тойына арналған кездесу кеші өтті.
Жамбыл облысының мақтанышы бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлдегер атанған, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Жыл құстары», «Гәкку», «Назерке», «Нәзік нақыш», «Асылдың сынықтары», «Арман гүлі» атты кітаптарының авторы ақын Шырын Мамасерікованың 75 жас толуына орай оқырмандарға ақын өмірі мен шығармашылығы, ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігін жеткізу, поэзияны мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру мақсатында кездесу кеші өткізілді.
Іс- шара барысында Шырын Мамасерікова өзінің туып өскен жері, алғаш жазған туындылары жайлы айтты. Оқырмандарымыз ардақты ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, әсем әуендерін арнады.
Іс-шара соңында «Поэзия аққуы» кітап көрмесі таныстырылып, Шырын Мамасерікова аяулы ана ретінде өскелең ұрпаққа ізгі тілегін білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=636#sigProGalleria1f53e94d11